35-36.Географиялық қабықтың заңдылықтары Жалпы географиялық заңдылықтарға табиғи құбылыстардың зоналылық пен бейзоналылық, географиялық қабықтың бүтінділгі, заттардың айналымы, ырғақтылық жатады.
Ерекшеліктері бар заңдар заңдылықтар деп аталады.
Географиялық зоналылық экватордан полюске қарай географиялық белдеулердің заңды ауысуынан және осы белдеулердің шегінде географиялық зоналардың орналасуынан байқалады. Географиялық қабықтың ең ірі ендік-зоналылық географиялық белдеу. Жерде 13 географиялық белдеулер байқалады: бір экваторлық, екі субэкваторлық, екі тропиктік, екі субтропиктік, екі қоңыржай, екі субполярлық, арктикалық және антарктикалық.
Географиялық белдеулер географиялық (табиғи) зоналарға бөлінеді. Табиғи зоналарға бөліну себебі Жер бетіндегі жылу мен ылғалдың біркелкі таралмауына байланысты. Табиғи зоналар көбінесе ендік бағытта (Еуразия)созылады жер бедерінің немесе материктердің конфигурациясының әсерінен меридионалды бағыттары (Солтүстік Америка)болады.
1956 жылы географ-ғалымдар А.А. Григорьев пен М.И. Будыко географиялық зоналылық заңын жасады. Жылу мен ылғалдың арақатынасын көрсету үшін құрғақтықтың радиациялық индексіне r есептеу формуласы пайдаланылады: r = R / Lx мұнда R – төсеніш беттің жылдық радиациялық балансы (ккал/см2), х – жылдық жауын-шашын мөлшері, L – буланудың жасырын жылуы. Буланудың жасырын жылуы L – бұл 1 кг судың буға айналуына жұмсалатын энергия мөлшері, ол t 0°c су үшін 597 ккал/кг немесе 2258,5 кДж/кг.
Материктердегі мұхит маңы және континентішілік аудандарда ылғалдылықтағы айырмашылықтар секторлылықтың қалыптасуына әкеледі. секторлылық – бұл өсімдіктер қауымдастығының, топырақ типтерінің, жер бедерін түзуші үдерістердің материкке ішкерілей ену мөлшері бойынша заңды алмасуы. Батыстан шығысқа қарай материкке ішкерілей ену кезінде қоңыржай белдеуде мұхиттардың әсері азаяды, арктикалық немесе тропиктік ауа массаларының әсері артады, ылғалдылық коэффициенті төмендейді. Мұның бәрі бір климаттық белдеу шегінде түрлі табиғи зоналардың (жалпақ жапырақты орман, аралас орман, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қалыптасуына әкеліп соқтырады.
Тауларда биіктік белдеулігі байқалады. биіктік белдеулігі – тауларда төменнен жоғары қарай көтеріле отырып, табиғи жағдайлар мен табиғи кешендердің заңды алмасуы.