Физикалық география



бет54/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

0-5

171006

172256

6-10

219068

240292

11-15

290190

285443

16-20

400116

357384

21-25

431936

395288

26-30

373027

336178

31-35

347500

323467

36-40

368910

355648

41-45

397500

363467

46-50

325922

289656

51-55

243303

208258

56-60

202685

189991

61-65

120813

110238

66-70

85980

74808

70-тен асқан

51418

49319

Бала туылуының жалпы деңгейін бағалау шәкілі

Бала туылуының жалпы коэффиценті

Бала туылу деңгейінің сипаттамасы

16-ға дейін

Төмен

16-24

Орташа

25-29

Ортадан жоғары

30-39

Жоғары

40 және одан көп

Өте жоғары

Өлім-жітімнің жалпы деңгейін бағалау шәкілі

Өлім-жітімнің жалпы коэффиценті

Өлім-жітім деңгейі

7-ге дейін

Өте төмен

7-10

төмен

11-15

орташа

16-20

жоғары

21-ден көп

Өте жоғары



Халықтың табиғи өсімінің/табиғи кемуінің жалпы деңгейін бағалау шәкілі

Табиғи өсімінің жалпы коэффиценті

Деңгейдің бағалануы

Табиғи кемудің жалпы коэффиценті

+2,0-ге дейін

Өте төмен

-3,0-ке дейін

2,0-3,9

төмен

(-3,0)-(-5,9)

4,0-6,9

орташа

(-6,0)-(8,9)

7,0-9,9

жоғары

(-9,0)-(-11,9)

+10 және одан жоғары

Өте жоғары

-12 және одан төмен

Демографиялық қартаюды бағалау шәкілі (БҰҰ)

Кезең

65 және одан үлкен жастағы адамдар үлесі

Халықтың қартаю және қарттық деңгейінің кезеңдері

1



Жастар

2

4-7

Қартаю алдындағы адамдар

3



Қарттар



44-45.Демографиялық мәселе
Мәселе – мұқият зерттеуді және шешуді талап ететін қиын жағдай. Демографиялық мәселе – халық санының күрт өзгеруі.
Демографиялық мәселе екі бөліктен тұрады:
– халықтың жылдам және баяу бақыланатын өсімі, дамушы елдердің аумағындағы халықтың көптігі (демографиялық дүмпу);
– дамыған елдер мен ауыспалы экономикасы бар көптеген елдер халқының қартаюы мен санының кемуі (демографиялық дағдарыс).
Демографиялық дағдарыс – халық құрылымындағы жағымсыз сандық және сапалық өзгерістермен байланысты жағдай. Сандық өзгерістер – бұл халық санының өсуінің кемуі, табиғи күрт кемуі. Сандық өзгерістерге халық денсаулығының нашарлауы да жатады. Бұл осы халықтың жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін.
Демографиялық дағдарыс қарапайым және шектелген режимі бар халықтың ұдайы өсуі бірінші типті елдерде байқалады.
АҚШ-та, Канадада, Аустралияда халықтың табиғи өсімі 5–10‰-ге тең және ол азғантай болса да, халықтың белгілі бір өсімін қамтамасыз етеді.
Италияда, Ұлыбританияда, Польшада халықтың табиғи өсімі нөлге қарыштай жақындап келеді. Бірақ әзірге бала туылу деңгейі қайтыс болған адамдар санының орнын толтырып келеді.
Елдердің үшінші тобы да жеке бөлініп шығады, мұнда өлім-жітім саны бала туылу санынан асып түседі және халық саны төмендейді.
Еуропа елдеріндегі халық санының табиғи өсімдері, 2015 ж.
(демографиялық порталдың деректері бойынша)

Елдер

Табиғи өсім

Елдер

Табиғи өсім

Болгария

-6,2

Германия

-2,3

Сербия

-5,4

Португалия

-2,2

Украина

-4,5

Босния және Герцеговина

-1,2

Венгрия

-4,0

эстония

-1,0

Хорватия

-4,0

Польша

-0,7

Румыния

-3,8

Молдова

-0,4

Литва

-3,5

Беларусь

-0,1

Латвия

-3,3

Испания

-0,1

италия

-2,7

Чехия

0,0

Грекия

-2,7

Ресей

0,3

«Демографиялық дүмпу» халқының ұдайы өсуі екінші типке жататын елдерде байқалады. Демографиялық дүмпуде бала туу мен табиғи өсім көрсеткіштері жоғары және өте жоғары. Сондай-ақ оған қатысты өлім-жітім көрсеткіші төмен болады. Ол дамушы елдерге тән.


2016 ж. халықтың табиғи өсімі ең жоғары елдер
(The World Factbook мәліметтері бойынша)

Елдер

Табиғи өсім

Елдер

Табиғи өсім

Малави

33,2

Танзания

28,2

Уганда

33,0

Шығыс Тимор

27,8

Бурунди

32,7

Бенин

27,5

Нигер

32,7

Ангола

27,3

Мали

31,8

Ирак

21,1

Буркина-Фасо

30,1

Сомали

26,7

Замбия

29,4

Того

26,6

Газа Секторы (Палестина)

29,1

мозамбик

26,

Эфиопия

29,0

Сан-Томе және Принсипи

26,3

Оңтүстік Судан

28,2

Гвинея

26,2



46-47.Демографиялық саясат
Демографиялық саясат – экономикалық, әкімшілік, насихаттық іс-шаралар кешені, олардың көмегімен мемлекет өзі қалаған бағытта тұрғындар санының өсуіне, құрылымына, қоныстануы мен сапасына әсер етеді.
Халық санының ұдайы өсуі бірінші типті елдерде бала туылуын арттыру мен халық санының табиғи өсуіне (ынталандыру) бағытталған демографиялық саясат жүргізеді Тууды қолдайтын белсенді демографиялық саясат жүргізіп отырған елдерге Франция ,Жапония.
Халық санының ұдайы өсуі екінші типті елдердің көпшілігінде бала туылуы мен халқының табиғи өсуін төмендетуге бағытталған шектеулі демографиялық саясат ұстанады .Бала тууды шектеуші елдер Қытай мен Үндістан. Көптеген мұсылман араб елдері, әсіресе Оңтүстік-Батыс Азияда, діни түсінік бойынша «отбасын жоспарлаудағы» кез келген іс-шараларды мүлде қабылдамайды. Тропиктік Африканың нашар дамыған елдері де ешқандай демографиялық саясат жүргізбейді.
Франция мен Жапонияда мынадай ынталандырушы экономикалық шаралар әзірленген.
Халық санының ұдайы өсуіне байланысты Үндістан мен Қытайдың демографиялық саясаты бала туылуын төмендетуге бағытталған.
Үндістанда:
а) отбасын жоспарлаудың ұлттық бағдарламасы қабылданған;
ә) некеге отыру жасы ұлғайтылды: ерлер – 21 жаста, әйелдер – 18 жаста;
б) халықты жаппай ерікті түрде ұрықсыздандыру жүргізіледі;
в) «Біз екеуміз – бізге екеу» саяси ұран ретінде қабылданған.
Қытайда:
а) бала туылуын жоспарлау жөніндегі комитет құрылған;
ә) некеге тұру үшін кешеуілдетілген жас белгіленген: ерлер – 22 жас, әйелдер – 20 жас;
б) отбасында бір бала ғана болса, мемлекет ай сайын қосымша ақша төлейді;
в) «Бір отбасы – бір бала» саяси ұран (2014 жылға дейін) ретінде қабылданған.
Демографиялық саясат құжат ретінде міндетінен, мақсатынан, ағымдағы демографиялық жағдайдың талдауынан, демографиялық көрсеткіштерге әсер етуші іс-шаралардан, іс-шаралар жоспарынан тұрады.
Мақсатында мемлекеттің қандай демографиялық көрсеткішке қол жеткізгісі келетіні анықталады. Ол көбінесе, жалпыланған сөздер арқылы бір сөйлеммен құрылады.
Міндеттері – бұл әрбір демографиялық көрсеткіш бойынша нақты қалаулы көрсеткіштерді белгілеу.


Ағымдағы жағдайға талдау – бұл дәл қазіргі сәттегі демографиялық коэффициенттерді есептеу, оларды бағалау шәкілдерімен салыстыру, туындаған қиындықтарды анықтау. Мысалы, «өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға қайтыс болғандардың 7,38-ін құрады және төмен көрсеткіш ретінде сипатталады. Бірақ осы көрсеткішті «өте төмен көрсеткішке дейін», яғни «7‰-ға дейін» төмендетуге мүмкіндіктер бар.
Демографиялық көрсеткіштерге әсер ету іс-шараларында халық санының ұдайы өсуіне әсер ететін мемлекеттің іс-әрекеттері қалыптасады, мысалы, «екінші және одан көп бала туылуы бойынша жәрдем-ақы мөлшерін арттыру жолымен екінші және одан кейінгі балалардың
туылуын ынталандыру».
Менің географиялық жетістіктерім
АҚШ орташа өмір сүру ұзақтығы жоғары (78 жас) елдердің тізімінде 30-орында тұр. Қазақстан 124-орында (67 жас). Орындардағы алшақтық – 94 орын, өмір сүру ұзақтығында – 11 жыл айырмашылық бар.
49-50.Табиғат ресурстарын экономикалық және экологиялық бағалау
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау – бұл олардың құнының ақшаға шағылуы түрінде анықталуы.
Табиғи ресурстардың құнын ақшамен бағалау үшін олардың натурал мөлшерін (өлшеу бірлігіне сәйкес жалпы қорын) анықтау қажет.
Барлық кендер, ағаш сүрегінен басқа биологиялық ресурстар, бағалы тастар салмақ бірлігімен, су, газ және сүректер – көлем бірлігімен, жер ресурстары – аудан бірлігімен өлшенеді.
Топырақтар, рекреациялық ресурстарды өлшеуде балмен бағалау қолданылады..
Кейде ресурстардың жекелеген түрлерін натурал шамасымен де, балмен де (балл) бағалайды. Мысалы, екі жер телімінің ауданы бірдей. Бірақ олардың біреуінің ақшалай құны ондағы топырақтың құнарлырақ болуына немесе жер бедері әлдеқайда жазық болуына байланысты
қымбатырақ болуы мүмкін. Ол жерде қызықтыратын қосымша элементтер – суы, орманның әдемі жері болуы немесе ол жолға және ірі қалаға жақын болуы мүмкін. Телімнің осы қосымша сипаттамалары оның балмен құнын арттырады.
Табиғи ресурстардың ақшалай құнын анықтау үшін олардың натурал шамасын сауда-саттыққа қабылданған осы шаманың бір бірлігінің құнына көбейту қажет.
Мысалы, орман телімінде сағызқарағай сүрегінің, шамамен, қоры 100 000 м3-пен бағаланады. Нарықта 1 м3 сағызқарағайдың құны 25 200 теңгені құрайды. Сонда сүректің жалпы қоры 2 520 000 000 теңгеге бағаланады.
Алайда, ресурстар бұл толықтай қажетті элементтерден құралмайтын табиғат денелері екендігін есте ұстау өте маңызды. ресурстардың құрамында қажетсіз элементтер де болуы мүмкін. Мысалы, Қостанай облысы Сарыбай кен орнындағы темір кенінің құрамында 33% темір бар, ал қалған көлемін кремнезем, күкірт және фосфор құрайды.
Сарыбай кенінде 1 т шойын қорыту үшін, кем дегенде, 3 т кен өндіру қажет. Кен орнындағы темір кені қорының құнын анықтау үшін сол кеннің емес, шойынның құны есепке алынады. 2017 жылғы жағдай бойынша 1 т шойын Қазақстанда, шамамен, 200 мың теңгеден сатылды.
Қостанай облысының Сарыбай кен орнындағы темір кенінің жалпы қоры 889 млн тоннаны құрайды.
1 т шойын өндіру үшін 3 т-дан астам кен, 1,1 тонна қорытқы көмір, 20 тонна су, сонымен бірге түрлі мөлшерде басқа да материалдар қажет.
Егер де ресурстар аз, ал оны өндіруге жұмсалатын шығын көп болса, онда оларды табиғаттан өндіріп алу іске асырылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет