Физикалық география


Ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндірісті,қызмет көрсету аясын ұйымдастыру түрлері



бет62/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
57.Ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндірісті,қызмет көрсету аясын ұйымдастыру түрлері
Өндірісті ұйымдастыру – бұл қолда бар ресурстарды, жағдай мен түркі жайттарды есепке ала отырып, нақты бір жерде және белгілі уақыт ішінде өнім шығаруға бағытталған еңбек түрі мен тәртібі.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрлеріне мамандану, кооперативтендіру жәнет құрамдастыру жатады.
Мамандану кәсіпорынның бір нақты өнім шығаратынын білдіреді. Мысалы, тек автомобиль ғана шығаратын компаниялар бар.
Кооперативтендіру барысында бірігіп, өнім шығаруды мақсат тұтқан түрлі кәсіпорындар өзара тұрақты өндірістік байланыс орнатуды көздейді. Сонымен бірге әрбір кәсіпорын ортақ өнім үшін өзіне бөлініп берілген қандай да бір белгілі істі орындайды. Мысалы, автомобиль зауытының бояу, әйнек, автомобиль тетіктерін жеткізетін компаниялармен байланысы бар.
Құрамдастыру – бір кәсіпорында бір-бірімен тығыз байланысқан түрлі бағыт пен сала өндірістерін біріктіру. Мысалы, автомобиль зауыты мәшинелерге арналған жиһаздарды сатып алмай, өздері өндіруге шешім қабылдайды. Немесе металлургиялық зауыт, шикізат қалдықтарынан күкірт қышқылын өндіруді бастады, алайда, әдетте онымен химия өнеркәсібі айналысады.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын ферма деп аталады. Тропиктік және субтропиктік аудандардағы өсімдік шаруашылығының фермалары плантация деп аталады.
Плантация – кофе, шай, қант құрағы, каучук, банан, какао, кокос жаңғақтары, жержаңғақ, мақта өсімдігі, темекі, цитрусты жемістер, майлы пальма, гүлдер, ананас және басқаларын өсіреді. Солтүстік Америкада малшаруашылық фермалары ранчо деп аталады. Онда ірі қара мал өсіріледі. Бразилияда кез келген ірі ауылшаруашылық фермасын фазенда деп атайды.Аустралиядағы қойшаруашылығы фермалары шипстейшнз деп аталады. Қытай, Жапония, Корея, Филиппин, Индонезия және басқа да елдердің жағалық зоналарында марифермалар пайда болған. Марифермаларда балықтар мен моллюскілердің алуан түрлері өсіріледі және балдырлардың плантациялары құрылуда. Кішігірім жер үлестерінде көгөністер мен жемістер өсіріп және тұтыну үшін үй жануарлары мен құстарды ұстауды үй жанындағы шаруашылық деп аталайды. Мамандану, кооперативтендіру және құрамдастыру ауылшаруашылығының қызмет көрсетуші салаларымен бірігуіне әкеледі,нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен (аөК) қалыптасады.
Комбинат – түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет