Физикалық география



бет60/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
өңдеуші өнеркәсіп – бұл шикізатты және шикізаттан алынған жартылай дайын өнімдерді өңдеумен немесе қайта өңдеумен айналысатын барлық салалар.
Өндіріс құралдарын шығаратын салаларға металлургия, энергетика, мәшине жасау, химия өнеркәсібі жатады. Өндірістік ғимараттар, құрылыстар, мәшинелер, жабдықтар, құралдар, аспаптар – өндіріс құрал-жабдықтары. Металлургия – құрастырмалы материалдар мен химия өнеркәсібі үшін шикізат өндіретін өнеркәсіптің кешенді саласы.
Құрастырмалы материалдар – түрлі құрастырылымдар, мәшине бөлшектері, күш түсірілетін құрылыс элементтері әзірленетін материалдар.
Дүниежүзі бойынша қорытылған және тұтынылған металдардың, шамамен, 94%-ы қара металдың үлесіне тиеді.
Түсті металдар ішінде ыстыққа төзімді (никелдік және кобальтты құймалар), жеңіл салмақтылар (алюминий және магний құймалары), коррозияға төзімді (титан құймалары) бар.
Энергетика – өндіру, беру, трансформация және электр энергиясын тұтынудың барлық үдерістерін біріктіретін кешенді базалық сала. Энеогетика саласының құрамына ЖЭС, СЭС, АЭС кіреді.
Жылу электрстансысы (ЖЭС) отын жағу арқылы электр энергиясын өндіреді. ЖЭС-тар МАЭС (мемлекеттік аудандық электрстансысы) және жылу электр орталықтары (ЖЭО) болып бөлінеді.
Су электрстансылары (СЭС) су қозғалысы энергиясын қолданады.
Атом электрстансылары атом жылуын пайдаланады, радиоактивтік материалдармен жұмыс істейді. Балама энергия көздеріне күн, жел, судың көтерілуі мен қайтуы, Жер қойнауының жылуы т.б. жатады. Олардың өндірісі экологиялық жағынан таза болады, ал негізгі қор таусылмайды. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында энергияның балама көздерін қолдану аясындағы дүниежүзілік жетістіктер ұсынылған Халық аралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі болып өтті.
Мәшине жасау саласы конфигурациясы бойынша алуан түрлі мәшинелер мен олардың бөлшектерін, кесетін және басқа да құралдарды,бақылау-өлшеу аспаптарын өндіреді.
Мәшине жасау бөлінетін негізгі салалар: энергетикалық, көлік, ауылшаруашылық мәшинелерін жасау, білдек жасау, өнеркәсіп пен құрылыстың түрлі салалары үшін мәшинелер мен жабдықтар өндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет