Физикалық география


Табиғи ресурстарды өңдеу орталықтары мен технологиялары, дайын өнім түрлері



бет56/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

52.Табиғи ресурстарды өңдеу орталықтары мен технологиялары, дайын өнім түрлері
Мұнай өңдеу. Шикі мұнайды тазартып, мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) қайта өңдеуден өткізеді.
МӨЗ-інде алдымен шикізаттан механикалық қоспалар мен еріген газдарды бөліп алады, артық тұздар мен судан тазартады.
Мұнай өңдеу алғашқы және екінші қайтара өңдеу болып бөлінеді.
Мұнайдың құрамында сұйық, жартылай қатты, қатты, газ тәрізді күйде, шамамен, 1000-дай зат болад .
Мұнайдағы қайнау температурасы бірдей заттар тобы фракция деп аталады
мұнайды алғашқы өңдеу немесе тазарту – бұл мұнайды фракцияларға бөлу үдерісі. Ол арнайы тазарту колонналарында жүргізіледі. Оларда қыздырылған буды әлдеқайда салқын беткі жағында сұйық күйге айналдыру үдерісі жүреді.
Шикі мұнай алдын ала арнайы пеште (жылан бұрғы) 320–390°С-қа дейін қыздырылады, соның салдарынан булану орын алады. Мұнайдың ыстық буы ыстық сұйықтық пен будың қоспасы түрінде фракциялық айырудың аса үлкен колоннасына қарай бағытталады. Мұнда оның фракцияға бөлінуі жүзеге асады. Ерекше жеңіл заттар колоннаның жоғарғы бөлігіне көтеріліп, ал едәуір ауырлары колоннаның төменгі бөлігінде жинақталады. Ол жерде түрлі фракциялардың булары дәйекті түрде конденсацияланады және арнайы суық тәрелкелерге шөгеді. Тәрелкелер саны 30-дан 60-қа дейін болуы мүмкін.
6 фракцияны бөліп алу керек:

  • Газ (қайнау нүктесі 40°c-қа дейін). Негізгі компоненттері: метан, пропан және бутан. Жанармай ретінде түрлі пластмасса өндірісінде қолданылады.

  • Бензин (40–180°c). Олардан авиациялық және автомобиль бензинін алады.

  • Жермай (керосиндер) (180–270°c). Зымыран жанармайы ретінде қолданылады.

  • Соляр майы (270–360°c). Майлайтын майлар мен дизель жанармайын алуға арналған шикізат.

-Асфальт (550°c-тан жоғары). Бұл фракцияға қалған жартылай қатты және қатты материалдар кіреді.
Мұнайды айдаудан кейін қалған қоймалжың зат гудрон (қара май) деп аталады. Гудронды жол және құрылыс жабындары ретінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет