табиғи өсім коэффициенті: -
Халықтың көшіп-қонуы – адамдардың тұрақты тіршілік ететін ор- нын ауыстыру мақсатында немесе оқуға не еңбек қызметін жүзеге асы- ру үшін аумаққа уақытша баруына байланысты бір аймақтан (елден) басқасына қоныс аударуы.
Халықаралық көші-қон себептері – дүниежүзінің түрлі елдерінде бірдей жұмыс түріне төленуі мүмкін әртүрлі еңбекақы деңгейлерінің арасындағы айырмашылық. Қазіргі кезеңде жоғары білікті мамандар Шығыс Еуропадан АҚШ-қа, Канада, Батыс Еуропаның бірқатар ел- деріне қоныс аударуға тырысады.
Көші-қонға, бір жағынан, соғыс (Ирактан, Босния мен Ауғанстан- нан, Сириядан АҚШ-қа, Еуропаға қоныс аудару), саяси қақтығыстар мен табиғи апаттар себепші болады.
Келу коэффициенті күнтізбелік жыл ішінде осы аймаққа әрбір 1000 адамға шаққанда орташа есеппен қанша адам келетінін көрсетеді:
Кету коэффициенті күнтізбелік жыл ішінде осы аймақтан әрбір 1000 адамға шаққанда орташа есеппен қанша адам кеткенін көрсетеді:
Көші-қон (механикалық) өсімінің коэффициенті (Кмех) бір жыл ішінде аймақ халқының 1000 адамына шаққандағы орташа механикалық өсімінің шамасын сипаттайды:
Халықтың жалпы өсімі – нақты бір аумақтың (мемлекет, аймақ, елді мекен) белгілі бір уақыт аралығының басындағы және соңындағы халық саны арасындағы айырмашылық. Халықтың жыныс-жас құрылымын талдау үшін жыныс-жас пирамидасы деп аталатын графиктік тәсілдердің бірі қолданылады.
Жыныс-жас пирамидасының типтері
Жастар Қартайып келе жатқандар Қарттар
Достарыңызбен бөлісу: |