Физикалық география


-43.Демографиялық көрсеткіштер және демографиялық жағдайлар



бет52/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

42-43.Демографиялық көрсеткіштер және демографиялық жағдайлар
Демографиялық жағдай – бұл белгілі бір аумақта өткен демографиялық үдерістердің (бала туылуы, өлім-жітім, көші-қон т.б.) кешенді сандық сипаттамасы және сапалық бағалануы; олардың беталысы, белгілі бір кезеңдегі жиынтығы және нәтижесі.
Демографиялық үдерістерге эндогендік түрткіжайттар немес жыныс-жас құрылымы және ұдайы өсуі әсер етеді. Экзогендік түрткіжайттарға әлеуметтік- экономикалық ықпал жатады.
Бала туылуы, адам өлімі, халықтың табиғи өсімі – биологиялық үдерістер.
Өлім-жітім деңгейі адамның тамақтануы, еңбек пен тұрмыстың санитарлық-гигиеналық жағдайлары, денсаулық сақтау саласының дамуы сияқты жағдайлармен тікелей байланысты.
Барлық демографиялық көрсеткіштер промиллемен өлшенеді,
Халықтың табиғи қозғалысы – бұл бала туылуы мен өлім-жітімнің нәтижесінде орын алатын халық санындағы өзгерістер.
Бала туылуы – белгілі бір кезең ішінде 1000 тұрғынға шаққандағы бала туылу саны.
Демографиялық коэффициентті есептеген кезде, бөлшектің бөлімі ретінде барлық тұрақты тұратын халықтың жылдық орташа саны алы- нады.
Бала туылу коэффициенті:


N– бір жыл ішінде туылғандар саны
S халықтың жылдық орташа саны
Өлім-жітім – белгілі бір кезең ішінде 1000 тұрғынға шаққандағы адам өлімі.
Өлім-жітім коэффицент
M – бір жыл ішінде қайтыс болғандар саны
S – халықтың жылдық орташа саны.
Халықтың табиғи өсімі (ТӨ) – бала туылуының өлім-жітімнен ар- туы, яғни белгілі бір уақыт кезеңіндегі бала туылу саны мен өлім-жітім санының арасындағы айырмашылық; халық санының өсуінің негізі.
Халықтың табиғи өсімі халықтың табиғи өсімінің 1000 тұрғынға шаққандағы коэффициентімен өлшенеді. Ол жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Халықтың жағымсыз табиғи өсімі елде бала туылуына қарағанда адам өлімі көбірек екендігін білдіреді (яғни халықтың табиғи кемуі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет