Халықтың ұдайы өсу режимі
Кеңейтілген ұдайы өсу-қайтыс болғандардан туылгандары көп
Қарапайым ұдайы өсу-қайтыс болғандар мен туылғандар саны бірдей
Шектелген ұдайы өсу- қайтыс болғандарға қарағанда дүниеге келгендер саны аз
Халықтың отбасылық құрылымына байланысты ұдайы өсу режимі ретінде халықтың ұдайы өсуінің үш типі қалыптасқан.
Халықтың ұдайы өсуінің бірінші типі. «Демографиялық дағдарыс». Оған бала туылуы мен адам өлімі көрсеткіштерінің аса жоғары болмауы тән. Ол экономикасы дамыған елдерде орын алған, мұнда егде жастағы және кәрі адамдардың үлесі үнемі өсіп отырады (ұлттың қартаюы). Егде жастағы адамдардың жоғары үлесі бала туылу көрсеткішін төмендетеді және адам өлімінің көрсеткішін арттырады. Демографиялық жағдарыс типі Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Аустралия елдерінде, яғни неғұрлым экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде таралған. Кейбір елдерде бала туылу көрсеткішінің төмендігі соншалық, ол тіптен қайтыс болған адамдардың санын да жаппайды, яғни тұрғындарының саны жыл сайын кемиді. Мұндай құбылыс өсудің кемуі деп аталады.
Өсудің кемуі – шектелген ұдайы өсудің нәтижесінде тұрғындарының азаюы, халқы санының кемуі (Дания, Швеция, Ұлыбритания, Ресей).
Бала туылуының төмендеу себептері: қол еңбегі үлесінің күрт төмендеуі, қалалық өмір сүру салтының таралуы, әйелдер құқығының нығаюы, карьера жасауға ұмтылу, некеге тұру жасының ұлғаюы, бірінші баланы өмірге әкелу жасының ұлғаюы, ұлттың қартаюы, ата-аналарының қартайған шағында балаларынан тәуелсіз болуы.
Халықтың ұдайы өсуінің екінші типі. «Демографиялық дүмпу». Халықтың ұдайы өсуінің екінші типі бала туылуының жоғары және өте жоғары көрсеткішімен, адам өлімінің жеткілікті деңгейдегі жоғары көрсеткішімен сипатталады. Демографиялық дүмпу дамушы елдерге тән (мысалы: Конго, Нигер, Нигерия, Йемен, Ирак, Пәкістан, Бангладеш және басқа).
Бала туылуының жоғары болу себептері: ерте жастан некеге отыру, отбасын жоспарлауға, көп балалы болу дәстүріне тиым салу , әйелдердің жоғары тәуелділігі, ауыл тұрғындары санының басым болуы, қол еңбегі үлесінің жоғарылығы, балалардың еңбек етуі, балалар ата-анасы қартайған кезде жалғыз сүйеніші болып табылатындығы.
Екінші және бірінші тип арасында өтпелі тип бар. Өтпелі типке бала туылуының жоғары көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеп, адам өлімі көрсеткіштерінің азаюы тән (Грузия, БАӘ, Сауд Арабиясы және басқалары).
Достарыңызбен бөлісу: |