Химия өнеркәсібі – мәшине жасаумен қатар шаруашылықтың барлық салаларын химиялық технологиялармен және материалдармен қамтамасыз ететін ҒТӨ деңгейін айқындайтын, сонымен қатар жаңа, үдемелі және жаппай тұтыну тауарын өндіретін кешенді сала.
отын-энергетикалық кешені. отын өнеркәсібі қазба отын өндіруді, мұнай және газ өңдеуді қамтиды. мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеумен, сонымен қатар ілеспе газ өндірумен айналысады. Мұнай және мұнай өнімдерінің көпшілік бөлігі дүниежүзінде құбыр желілері және теміржол көлігі арқылы тасымалданады. Магистральдық мұнай құбырлары барлық өндірілген мұнайдың 85%-ын тасымалдайды. Мұнайдың ең маңызды жеткізушілері – Таяу және Орта Шығыс елдері. Мұнай дүниежүзінің 75 елінде өндіріледі, Сауд Арабиясы, Ресей, АҚШ, Мексика, БАӘ, Иран, Ирак, Қытай көш бастап тұр.
Газ тұрмыста және жылу электрстансысында (ЖЭС-те) отын ретінде, металлургияда, цемент өнеркәсібінде, мәшине жасауда және басқа да салаларға пайдаланылады. Газдағы көмірсутектерді маңызды химиялық өнімдерге (аммиак, ацетилен, метанол, қара күйе және басқалар) қайта өңдеуге болады. Табиғи газ негізінде айрықша арзан азоттық тыңайтқыштар өндіріледі.
Үлкен қашықтықтарға газ берудің қарапайымдылығы оны өндірілген орнынан алыс жерлерде пайдалануға мүмкіндік береді. Газ 60 мемлекетте өндіріледі. Газ өндіруден Ресей, АҚШ, Канада, Түрікменстан, Нидерланд, Ұлыбритания көш бастап тұр.
КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІ қазба көмірді өндірумен, байытумен және брикеттеумен айналысады. Көмірді күнделікті электрстансылардың пештерінде, қыздыру қондырғыларында т.б. жағады. Таскөмірдің сорттарынан металлургияда және өнеркәсіптің кейбір басқа салаларында технологиялық отын ретінде пайдаланылатын кокс алынады. Көмірді дүниежүзінің 60-тан астам елінде өндіреді, алайда оның жылына 10 млн т-дан астамын Қытай, АҚШ, Ресей, Германия, Польша, Украина, Қазақстан өндіреді. Көмірді экспорттаушы елдер – АҚШ, Аустралия, ОАР. Импорттаушылар – Жапония, Батыс Еуропа.
Электр энергетикасы электр энергиясын өндіру, тарату, трансформация және тұтыну барысындағы барлық үдерістерін біріктіреді. Энергия өндірудегі алдыңғы орын көмірмен, табиғи газбен және мазутпен жұмыс істейтін жылу энергетикасына тиесілі (жалпы өндірістің 2/3).
Энергия өндіруде СЭС-тің үлесіне, шамамен, 20% және АЭС – 17%-дан келеді. ОАР, Польша, Қытай, Үндістанда энергия өндіруде ЖЭС-тің үлесі басым. Норвегия, Канада, Бразилия, Жаңа Зеландияда энергия өндіруде СЭС үлесі басым. Франция, Бельгия, Корея Республикасы, Словакия, Венгрияда энергия өндіруде АЭС-тың үлесі басым. Дүниежүзінде ірі электр энергиясын өндірушілер: АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей, Германия, Франция, Канада, Ұлыбритания және басқалары.
Электр энергиясының негізгі бөлігін өнеркәсіп орындары пайдаланады. Электр энергиясының Өнеркәсіп бүкіл 40%-ын, 12%-ын – коммуналдық шаруашылықта және тұрмыста, шамамен 9%-ын – көлікте (электрлендірілген теміржолдар), 10%-ын ауылшаруашылығында қолданылады.
Электрстансыларының орналастырылуы отын-энергетикалық ресурстарға және электр энергиясының тұтынылуына байланысты болады.
Бүгінгі күні электр энергетикасын дамытудың маңызды ерекшелігі – атом электрстансыларын (аЭс) салу. АЭС-тің үлесі электр энергиясының жиынтық өндірілімінде АҚШ-та 20%-дан астамын, Жапонияда 28%-ды, Францияда 73%-ды құрайды. Дүниежүзіндегі айрықша ірі АЭС-тары Жапонияда және Францияда салынған.
Болашақтың айрықша заманауи, экологиялық таза энергетикасына геотермалды, күн, жел, толысу, биогаз, сутекті электрстансылары жатады.
Дүниежүзінің жекелеген елдері – энергияның баламалы көздерін пайдалануда көшбасшылары:
• геотермалды (Исландия, Италия, Франция, Венгрия, Жапония, АҚШ);
• күн (Франция, Испания, Италия, Жапония, АҚШ);
• толысу (Франция, Ресей, Қытай, Канада және АҚШ);
• жел (Дания, Швеция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд).
Достарыңызбен бөлісу: |