монархиялық басқару формасы бар мемлекеттер
Еуропа
|
Азия
|
Африка
|
Андорра
|
князьдық (КМ)
|
Бахрейн
|
эмират (КМ)
|
Лесото
|
корольдік (КМ)
|
Бельгия
|
корольдік (КМ)
|
Таиланд
|
корольдік (КМ)
|
Марокко
|
корольдік (КМ)
|
Ватикан
|
папа кеңесі (АТМ)
|
Кувейт
|
мұрагерлік эми- рат (КМ)
|
Свази- ленд
|
корольдік (АМ)
|
Ұлыбри- тания
|
корольдік (ПМ)
|
Малайзия
|
сұлтанат (ШМ)
|
мұхит аралдары
|
Дания
|
король- дік(КМ)
|
Жапония
|
империя (КМ)
|
Тонга
|
корольдік
|
Испания
|
корольдік (КМ)
|
Бутан
|
корольдік (ШМ)
|
Км – конституциялық монархия
|
Лихтен-
штейн
|
князьдық
(КМ)
|
Иордания
|
корольдік (КМ)
|
ПМ – парламенттік
монархия
ШМ – шектеулі мо-
нархия
АМ– абсолюттік мо-
нархия
АТМ – абсолюттік тео-
кратиялық монархия
|
Люксем- бург
|
ұлыгерцог- тық (КМ)
|
Катар
|
эмират (АМ)
|
Монако
|
князьдық (КМ)
|
БАӘ
|
эмират (ШМ)
|
Нидер- ланд
|
корольдік (КМ)
|
Оман
|
сұлтанат (АМ)
|
Норвегия
|
корольдік (КМ)
|
Бруней
|
сұлтанат (АТМ)
|
Швеция
|
корольдік (КМ)
|
Сауд Ара- биясы
|
корольдік (АТМ)
|
Мемлекеттік құрылым формасы – мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық құрылымы. Мемлекеттердің құрылым формасы басты екі түрге бөлінеді: 1)унитарлық мемлекет (біртұтас бүтіндей құрылу) және 2)федерация (бірлестік, мемлекеттер одағы); конфедерация – бұл тәуелсіз мемлекеттердің уақытша заңды одағы.
Мемлекеттік құрылымның негізгі формалары
Унитарлық
|
Федерация
|
Конфедерация
|
Басқа
|
Әкімшілік-
|
Әкімшілік-
|
Конфедерация
|
Достастық – мемлекет-
|
аумақтық бір-
|
аумақтық
|
мүшелері, формал-
|
тердің конфедерация-
|
ліктен тұратын
|
бірліктерінің
|
ды тәуелсіздіктерін
|
ға қарағанда неғұр-
|
біртұтас бүтін-
|
федерация
|
сақтай отырып,
|
лым аморфты бірігуі.
|
дей мемлекеттік
|
құрамында
|
өздерінің мемлекет-
|
Достастық мүшелері –
|
құрылу, оларда
|
белгілі бір
|
тік билік органдары
|
толығымен егеменді
|
мемлекеттік еге-
|
саяси және
|
бар болады, со-
|
мемлекеттер.
|
мендік белгілері
|
экономика-
|
нымен бірге конфе-
|
Мемлекеттердің қауым-
|
болмайды.
|
лық тәуел-
|
дерацияның әскери
|
дастығы – мемлекет-
|
сіздігі бар.
|
және сыртқы саяси
|
аралық шарт негізінде
|
іс-әрекеттерін
|
құрылады, мемлекет-
|
үйлестіру үшін
|
тердің мемлекетаралық
|
біріккен органдар
|
байланыстарын нығай-
|
құрады.
|
тады.
|
63.Дүниежүзінің саяси картасындағы сандық және сапалық өзгерістер
Сандық өзгерістер. Дүниежүзінің саяси картасындағы сандық өзгерістерде ондағы басты нысандардың: мемлекеттердің, отар мемлекеттердің, халықаралық аумақтардың, мәртебесі анықталмаған аумақтардың, өз егемендігін жариялаған мемлекеттердің саны өзгереді. 1960 жылы дүниежүзінің саяси картасында тәуелсіз 17 жаңа мемлекет пайда болды. Олар: Англия, Франция, Италия мен Бельгияның бұрынғы колониялары. 1960 жыл «Африка жылы» деп аталады. 1922 жылдан 1991 жылға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы атты мемлекет болды. КСРО Жер бетіндегі адамдар тіршілік ететін құрлықтың 1/6 бөлігін алып жатты. 1991 жылы КСРО ыдырап, дүниежүзінде егеменді мемлекеттердің саны 15-ке артты.
1990 жылы қазан айында екі мемлекет – Герман Демократиялық Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы, сонымен қатар мәртебесі анықталмаған аумақ – Батыс Берлин бірігіп, Германия Федеративтік Республикасының құрамына кірді..
Халықаралық аумақтар
Халықара- лық аумақ
|
Құрамы
|
Мақсаты
|
Ғарыштық кеңістік
|
Ғарыштағы кеңістік, Ай және басқа да аспан денелері
|
Бейбіт зерттеулер және барлық мемлекеттердің пайдалануы
|
антарктика
|
Антарктиданың қайраң мұз- дықтары, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының оңтүстік бөлігі және 60° о.е. оңтүстігі Мемлекеттер ғылыми мақсатта өз стансыларын салуға құқылы
|
Барлық әскери іс-әрекеттерге тыйым салу.
Табиғат үшін қауіпсіз ғылыми зерттеулер жүргізу, табиғи эко- логиялық жүйенің бірегей және типтік үлгілерін сақтау
|
ашық теңіз
|
Мемлекет аумағына кірмейтін теңіз бетінің телімдері
|
Еркін ұшып өту, кеме қатынасы, балық аулау, суасты шоғыр- сымдары мен құбыр желілерін тарту, мұхитқа шыға алатын және шыға алмайтын барлық мемлекеттердің ғылыми зерттеу- лер жүргізуі үшін
|
теңіздер мен мұхиттардың түбі
|
Ұлттық құқық шегінен тыс бар- лық теңіздер мен мұхиттардың түбі
|
Дүниежүзілік мұхит түбінің ре- сурстарын – «дүниежүзілік мұра» ретінде жариялау, оған дүние- жүзінің барлық мемлекеттерінің теңдей қолжетімділігін қамтама- сыз ету, табысты барлық мемле- кеттерге әділетті түрде бөлу
|
Халықара- лық бұғаздар
|
Баб-эль-Мандеб, Гибралтар, Дрейка, Корей, Ла-Манш, Ма- геллан, Па-де-Кале, Сингапур, Босфор және Дарданелла
|
Халықаралық кеме қатынасы
|
Халықара- лық өзендер мен канал- дар
|
Рейн, Висла, Варта, Дунай, Ду- эро, Маас, Шельда, Везер, Одер, Неман, Тахо, Нигер, Конго, Эмс, Эльба, Суэц, Панама және Киль каналдары
|
Континенттік мемлекеттердің теңіздерге шығуы, еркін кеме қатынасы
|
Жапония екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі салдарынан өзінің бірқатар аралдарын Ресейге берді. Бұрындары Судан жер көлемі бойынша Африкада бірінші орында тұрса, мемлекеттің Судан және Оңтүстік Судан мемлекеттеріне ыдырауы нәтижесінде – тек үшінші орынға тұрақтады. Нидерланд ұзақ жылдар бойы басқа елдің еншісінде болған мұхиттағы жерлерін қайтарып алды. Жапония мен БАӘ жасанды аралдар тұрғызуда. Қазақстанда 1997 жылға дейін 19 облыс болса, қазіргі уақытта – 14.
сапалық өзгерістер. Қазіргі уақытта дүниежүзінің саяси картасында сапалық өзгерістер басым яғни көптеген мемлекеттер өздерінің әлеуметтік-экономикалық құрылысын өзгерте алады.Дүниежүзінің саяси картасы қалыптасуының ежелгі кезеңінде құл иеленушілік құрылыс үстем болды. Орта ғасырларда – феодализм, жаңа уақытта капитализм дами бастады. ХХ ғасырдың басынан бастап дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде социалистік құрылыс орнап, ол 90-жылдары қайтадан капитализммен алмасты. Дүниежүзінің көптеген мемлекеттері халықаралық татулық пен қауіпсіздікке қолдау білдіру және нығайту, мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту үшін 1945 жылы халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымын құрды. Қазіргі уақытта БҰҰ-на 193 мемлекет мүше, соның ішінде Қазақстан республикасы да бар.
Саяси картада мемлекетаралық «шиеленісті нүктелері» мен «ыстық нүктелер» (қарулы қақтығыс аймақтары) пайда болып, қайта ғайып болуы мүмкін. 2017 жылы ғаламшарымыздың «шиеленісті нүктелеріне» Сириядағы, Ирактағы, Йемендегі, Оңтүстік Судандағы, Мьянмадағы және басқа да жерлердегі әскери қақтығыстар аумақтары кірді.
ХХІ ғасырда Эритрея, Шығыс Тимор, Черногорие, Косово және Оңтүстік Судан мемлекеттері өздерінің егемендіктеріне қол жеткізді.
2008 жылы көптеген ғасырлар бойы монархия – корольдік болған Непал мемлекеті федеративтік республикаға айналды.
Мемлекеттік режим – мемлекеттің билік жүргізуді жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Мемлекеттік режимдер демократиялық және антидемократиялық (тоталитарлық, әміршіл, нәсілшілдік) болуы мүмкін. Көптеген дамыған елдер – демократиялық елдер.
.ХХ ғасырда Персия – Иран, Кампучия – Камбоджа, Бирма – Мьянма болып атауларын өзгертті.
Қазақстан КСРО құрамында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан республикасы болып атала бастады..
1923 жылы Түркия өз астанасын Стамбұлдан Анкараға ауыстырды, Бразилия 1960 жылы астаналық мәртебені Рио-де-Жанейродан жаңа арнайы салынған Бразилия қаласына берді. 1990 жылы Германия астанасы Берлин қаласына өзгертілді, астана қызметін оған дейін Бонн қаласы атқарған болатын. 1997 жылы Астана қаласы Қазақстанның астанасы болды. Астанаға дейін Қазақстанда астана қызметін Орынбор,(1920-1924)Қызылорда (1924-1929) және Алматы (1929-1997) қалалары атқарған.
64.Дүниежүзі мемлекеттерінің саяси-географиялық жағдайы
Ұлттық мүдде және саясат. Әр мемлекеттің өз қажеттіліктері бар, ол мүдде деп аталады.
Мемлекет ішінде жүргізілетін іс-әрекеттердің барлық түрлері ішкі саясат деп аталады. Басқа мемлекеттермен жүргізілген қарым-қатынас сыртқы саясат деп аталады. Көрші мемлекеттер кедей болса мемлекеттің экономикасына әсер етеді.
65-66.Саяси интеграция
Өзінің жеке мүдделерін және халық пен бизнестің талап-тілектерін қамтамасыз ету үшін дүниежүзі елдері бірлесе жақындасуға, яғни интеграцияға бағытталған саясат жүргізеді.
Интеграцияның басты мақсаттары
Саяси
|
– қолайлы сыртқы саяси орта қалыптастыру, саяси, әскери, әлеуметтік, мәдени және басқа да экономикалық емес салаларға қатысушы елдердің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайту.
|
Экономикалық
|
–тауар, көрсетілетін қызмет, капитал және адам қозғалысы жолында ішкі шегарасыз кеңістікті қалыптастыру;
– сауда, кеден, экономикалық, салық, қаржы саясатына қатысушы-елдерді жақындастыру;
– кейбір жағдайларда – бірыңғай валюта енгізу.
|
Әскери
|
– бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту;
– сыртқы әскери-саяси қауіптерден ұжымдық қорғаныс;
– халықаралық лаңкестікпен және экстремизммен, ұлтаралық ұйым дасқан қылмыспен, есірткі тасымалымен, заңсыз көші-қонмен, кибер қылмыскерлікпен күресу;
– төтенше жағдайларда, гуманитарлық апаттарда ұжым болып жедел әрекет ету.
|
Қазіргі уақытта мынадай интеграция түрлері бар:
– еркін сауда аймағы – мұнда қатысушы-елдер өзара саудада тек кедендік кедергілерді алып тастайды;
– кеден одағы – мұнда елдер тек топтасушы елдердің ішінде тауар мен көрсетілетін қызмет жолындағы шектеулерді алып қана қоймайды, сонымен бірге үшінші тарапқа қатысты бірыңғай кедендік тариф енгізеді. Кеден табысы келісімге сәйкес теңбе-тең үлестіріледі;
– ортақ нарық – мұнда кедергілер өзара саудада ғана емес, сонымен қатар жұмыс күші мен капиталдың жылжуынан да алынып тасталады; яғни тауар, қызмет, капитал, жұмыс күшінің нақты ортақ нарығы қалыптасады;
– экономикалық одақ – мұнда елдер тек ортақ нарық қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге бірыңғай экономикалық саясат жүргізеді, ортақ аймақта өтетін әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жүйесін құрады;
– валюталық одақ – мұнда ортақ нарық пен бірыңғай саясаттан басқа бірыңғай банк жүйесі құрылып, кейбір жағдайларда – бірыңғай валюта алынады;
– әскери-саяси одақ – мұнда мемлекеттер ортақ саяси, экономикалық, әскери және басқа да мәселелерді шешу үшін бірлесе әрекет ету мақсатында келісімге қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |