География С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова. Алматы «Мектеп» 2018
Сабақ № , сабақ тақырыбы
Демографиялық саясат
Оқу мақсаты
(қысқаша)
8.4.1.6 «Демографиялық саясат» ұғымын түсіндіре отырып, жекелеген дүниежүзі елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады
Оқушының аты-жөні
(оқушы толтырады)
Іс-әрекет реті
Ресурстар
(мұғалім толтырады)
Орындалуы
(оқушы толтырады)
Мағынаны таны
3. 3. Opiq.kz сайтынан 8 сынып оқулығынан
+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле
Жауап бер
Жаңа тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары
Орында
Берілген мәтінді оқи отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
• Халықтың өсуін қолдап жатқан елге нақты мысал келтіріп, демографиялық саясатын түсіндіріңіз. _________________________________________________
• Халықтың кемуін қолдап жатқан елге мысал келтіріп, демографиялық саясатын түсіндіріңіз._______________________________________
• Еліміздегі халықтың өсуіне қатысты қандай демографиялық саясат ұсынар едіңіз. _________________________________________________
Елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізетін шараларының жиынтығыдемографиялық саясат.
Қазақстанның демографиялық саясаты негізгі үш бағытта жүргізіледі. - Экономикалық – бала күтуге байланысты ақылы демалыс беру, бала туылған кездегі әртүрлі жәрдемақылар.
- Әлеуметтік-демографиялық – көп балалы жанұяларға мемлекет тарапынан пәтер беру, тегін медициналық көмек, жоғарғы оқу орындарында тегін білім алу. - Әкімшілік-құқықтық – ішкі және сыртқы көші-қонды реттеу,басқа елдерден қандастарымызды шақыру.
Қытайдағы “Бір отбасы- бір бала саясаты” термині Қытайдың өзін-өзі асырай алмау қаупін төндірген халық санының жылдам өсуін баяулатуға бағытталған шаралар жиынтығын анықтайды. Бұл саясаттың негізінде, әрбір жанұяға бір баланы ғана дүниеге әкелуге рұқсат етіледі. Нәтижесінде Қытай халқын 400 миллионнан артық адамға азайтуға мүмкіндік береді.
Дескриптор Білім алушы − халықтың табиғи өсуіне қолдау көрсету саясатын түсіндіреді;
− халық санының кемуін қолдайтын саясатты түсіндіреді;
− еліміздегі халық санының өсуін қолдауға арналған өз жобасын ұсынады.