Физикалық география


Мемлекеттік табиғи қорықша



бет45/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Мемлекеттік табиғи қорықша – шаруашылық қызметінің тапсырысты режимі немесе реттелетін режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтау және ұдайы жаңғыртып отыруға арналған.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлардың тізімін қамтитын иллюстрациялық басылым.
.Қазақстан Республикасында сүтқоректілердің 20 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, құстардың 346 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі, балықтардың 23 түрі қорғалады.

33-34. Географиялық қабықтың құрылымы мен құрамы
Географиялық қабыққа атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера кіреді.
Жер бетінде тіршілік кейіннен пайда болған, алғашында географиялық қабық тек үш қабықтан тұратын: гидросфера, атмосфера және литосфера.
Географиялық қабық «озон экранына» дейін 25 км биіктікке дейін төселіп жатады. Гидросфера географиялық қабыққа түгелдей кіреді. Географиялық қабықтың төменгі шегі астоносфера бойынша жүргізіледі.
Айрықша табиғи түзіліс ретіндегі географиялық қабық туралы түсінікті 20-ғасырдың басында А.А.Григорьев пен С.В.Калесник қалыптастырды. Географиялық қабықтың ерекшеліктері: 1) құрамының күрделілігі мен заттардың күйлерінің алуан түрлілігі; 2) барлық физикалық-географиялық үдерістердің күн және жел энергиясы есебінен өтуі; 3) оған келіп түсетін энергияның барлық түрлерінің тасымалдануы және ішінара консервациялануы; 4) тіршіліктің шоғырлануы және адамзат қоғамының бар болуы; 5) үш агрегат күйдегі заттардың бар болуы.
Тропосфера, жер қыртысы, гидросфера, биосфера географиялық қабықтың құрылымдық бөліктері, географиялық қабыққа біріктірілген заттар – оның компоненттері.
Географиялық қабықтың компоненттері – тау жыныстары, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар мен топырақ. Компоненттер физикалық күйі (қатты, сұйық, газ тәрізді), қалыптасу деңгейі (тірі, өлі, биосірескен), химиялық құрамы, белсенділігі (инертті – жынысы, топырағы, мобильді – су, ауа, белсенді – тірі зат) бойынша бөлінеді.
Табиғи кешен-табиғи жағдайлары:климаты,жер бедері,топырақтары,сулары, өсімдіктер мен жануарлар әлемі біркелкі болатын жер бетінің бір бөлігі.
Ең ірі табиғи кешен – географиялық қабық. Табиғи кешендерге материктер мен мұхиттар, табиғи зоналар жатады. Кішігірім табиғи кешендерге жекелеген төбелер, олардың бөктері, өзендердің аңғарлары мен олардың жекелеген бөліктері (арнасына, жайылмасына, жайылма бетіндегі террасаларға) жатады. Құрлықта пайда болған табиғи кешендерді аумақтық, мұхиттағы немесе басқа суқоймаларындағыны –аквалды деп атайды.
Ландшафт – бұл біркелкі, бірыңғай жер бедері, ортақ климаты бар,гидротермиялық шарттарының, топырақтары мен биоценоздарының үйлесімі бірдей болатын нақты бір аумақты алып жатқан табиғи кешен. Ландшафт тұратын табиғи кешендер аймақ – мекен – фация. Ландшафттың ең қарапайым элементі – фация. Фацияға сайдың түбі, ескі арна, арна маңы белесі, кішігірім өзен баурайының бір бөлігі немесе аңғары жатады. Мекен бірнеше фациядан (сай, жыра, жылғаның аңғары, жайылма, терраса) тұрады. Бірнеше мекен аймақты құрайды.
Антропогендік (грек. anthropos – адам, genes – пайда болу, туылу) ландшафттар өзгеру дәрежесі бойынша бөлінеді:
аздап өзгерген – аң аулайтын алқаптар;
өзгерген – егістік, ұсақ елді мекендер;
қатты өзгерген – қалалық жерлер, пайдалы қазбалардың
игерілген ірі орындары, ауқымды жыртылған жер, ормандарды кесу;
жақсартылған – ормандарды санитарлық тазалау, саябақ зонасы,
ірі қалалардың айналасындағы «жасыл зона» .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет