30. Материктердің табиғат зоналары
14 кесте керек.
Дүниежүзінде ең биік тау – Джомолунгма. Оның биіктігі – 8848 м. Эквадордағы Чимборасо жанартауының шыңы – ғаламшардың ортасынан неғұрлым алыс орналасқан нүкте.
31. Мұхиттардың органикалық әлемі
Дүниежүзілік мұхит суында тіршілікке арналған барлық қажетті жағдайлар бар.
Планктон – тірі, еркін жүзетін кішігірім тіршілік иесі, олар судың ағысына қарсы тұруға қабілетсіз. Планктондарға фитоплактон мен зоопланктон жатады, әдетте олар – кішкентай шаяндар мен балдырлар;
Нектон – белсенді жүзетін организмдер. Нектондарға ағзалардың ең көп тобы жатады. Нектонға балықтардың, сүтқоректілердің және басқа да тіршілік иелерінің барлық түрлері кіреді
Бентос – мұхиттың терең түбінде тіршілік ететін тірі ағзалардың жиынтығы.
Мұхиттардағы тіршілік ететіндердің түрлері мен саны күн сәулесінің таралу тереңдігі,ерітілген оттектің шоғырлануына,биогендік заттардың қолжетімділігіне,температураға байланысты.
Дүниежүзілік мұхитта тіршіліктің таралуына климат,тереңдік,жағалаудан қашықтығы әсер етеді.
Дүниежүзілік мұхитта зоналық тік және көлденең бағытта байқалады.
Ендік зоналылық. Экватордан полюске қарай жерүсті суының қасиеттері (температура, тұздылығы, тығыздығы мен мөлдірлігі, толқындау қарқындылығы және т.б.), сонымен қатар өсімдік және жануарлар әлемінің құрамы да өзгереді.
Арктикалықжәне антарктикалық белдеулерде планктон тек қысқа уақытқа ғана созылатын жаз мезгілінде және мұздан арылған жерлерде ғана дамиды. Планктоннан кейін балықтар және олармен қоректенетін морждар мен итбалықтар пайда болады.
Қоңыржай белдеулерде су температурасы жыл бойы 0°С-тан жоғары болады. Судағы еріген оттегінің молдығы қоңыржай белдеуде тіршіліктің қарқынды түрде дамуына әкеледі. Қоңыржай белдеулерде ағзалардың түрлері өте көп емес, бірақ әр түрдің саны көбірек. Қоңыржай ендіктер балыққа бай.
Тропиктік белдеулердесудың температурасы мен тұздылығы жыл бойы жоғары болады. Алайда ыстық белдеулерде алуан түрлі жылусүйгіш балықтар мен теңіз түбі ағзалары (маржандар, ұлулар, тікен терілілер, шаян тәрізділер) мол.
Экваторлық белдеуде су температурасы жыл бойы жоғары. Мұхиттардың түбінде маржан тізбелері көп. Экваторлық суларда мұхит тасбақалары, ұлулар, тунец, сардина, макрель ауланады.
Тік зоналылық. Дүниежүзілік мұхит құрылымы үш негізгі бөліктерге бөлінеді:
1) Жағалаудағы таяз сулылық(материктік саяз жер, материктік
үстірт, континенттік қайраң). Құрлықтың тереңдігі 200–500 м-ге дейінгі ойпаңымен сипатталады.
2) Жағалаудағы саяз жерден үлкен тереңдікке қарай өтетін өтпелі зона(материк бөктері, континенттік бөктер), 3–4 км тереңдікте мұхиттың арнасына ауысады.
3) Терең су(мұхиттың арнасы).
Мұхит суының беткі қабаты 100 м тереңдікке дейін күн сәулесінің жарығы мен жылуының ең көп мөлшерін алады, оның құрамында оттегі көбірек болады. Сонымен бірге судың беткі 50-метрлік тереңдігінде тіршілік неғұрлым жанданған. 1000 м тереңдікке дейін жарықтануы бұлыңғыр судың ортаңғы қабаты созылады. Одан тереңде, ең түбінде – мүлде жарық түспейтін төменгі қабат орналасады. Бұл қабатта өсімдіктер кездеспейді, тек жануарлар мен бактериялар бар.
Таяз сулардағы жағдай өсімдіктер үшін де, жануарлар үшін де неғұрлым қолайлы болады. Бұл – мұхиттар мен теңіздердің қайраңдары.
1991 жылы бекітілген халықаралық Вотрен Люд сыйлығы география саласында қол жеткізген жоғары жетістіктер үшін беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |