Физикалық география


Құрлық суларының экологиялық мәселелері



бет39/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
27. Құрлық суларының экологиялық мәселелері
Құрлық суларының экологиялық мәселесін тудырушы фактор адам іс-әрекеті. Құрлық суларына ықпал етудің түрлері ресурстар алу және ластау.
Аумақтық қамту бойынша экологиялық мәселелер бөлінеді: а) аймақаралық (кейде – жаһандық), ә) аймақтық, б) жергілікті.
Экологиялық мәселелер шешілуі бойынша:шешілетін,шешілуі қиын,іс жүзінде шешілмейтін;
-уақыты бойынша:қысқа мерзімді,ұзаққа созылатын,шын мәнінде жойылмайтын болып бөлінеді.
Арал теңізі таязданғанға дейін әлемдегі көлдердің ішінде көлемі бойынша төртінші орында болды. XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Арал теңізінің деңгейі Әмудария мен Сырдария өзендерінен мақта өсімдігі мен күріш егістіктерін суландыруға алу салдарынан (барлық судың 92%-ы) жылдам төмендеді. Арал теңізі өзінің жағалауынан 100 км-ге шегініп кетті және тұз жапқан 54 мың км құрғақ теңіз арнасы бос қалды. Шаңды дауыл,шаңды,тұзды химикаттар 500-км-ге дейін тарады. Арал су деңгейінің төмендеу себебінен Кіші Арал және Үлкен Арал болып екіге бөлініп кетті. Суда тіршілік ететін балықтар 32-ден 6-ға дейін азайды.
Қазақстанда 2724 мұздық бар. Ғалымдардың есептуінше елімізде мұздықтар XXI ғасырдың 80-ші жылдары еріп бітуі мүмкін.

Ертіс өзені Қытайдан басталады. Өзеннің ұзындығы 4248 км-ді құрайды. Ертіс Обь өзенімен бірге –ұзындығы бойынша Азиядағы екінші және дүниежүзіндегі алтыншы өзен. Ертістің Қазақстандағы бөлігінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі СЭС-тары салынған және жұмыс істеп тұр.



28. Су апаты
Тасқынның масштабына әсер етуші түрткіжайттар

Су тасу – көктемгі қар еруі салдарынан максималды ағынға байланысты болатын тасқын су басу.
Су басу – су тасу немесе сел жүру кезеңінде аумаққа судың жайылуы.
Су басу зонасы – су өткізу мүмкіндігімен салыстырғанда судың келуінің артуы нәтижесінде су жайылған аумақ.
Су деңгейінің көтерілуі – бұл ыза су деңгейінің көтерілуі, аумақтың, құрылыстың және онда орналасқан нысандардың қалыпты пайдаланылуын бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет