Физикалық география



бет37/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Гидрограф уақыт аралығында өзендегі немесе басқа су ағынындағы бір жыл, бірнеше жыл немесе жылдың бір бөлігі (маусым, су тасу немесе тасқын) ішіндегі су шығынының өзгеру графигі. Ордината осіне шығынның мәнін, ал абсцисса осінде – айларды көрсетеді. Су шығынының мәндері оларды сызықтармен қосады.
Ғалым Б.Д. Зайков ТМД аумағындағы барлық өзендерді үш топқа бөлді:
1. Көктемгі су тасу орын ала-тын өзендер. Бұл топтың ішінде қазақстандық типтегі өзендеререкшеленеді, оларға айқын байқалатын қысқа мерзімді су тасу мен жылдың қалған бөлігінде, тіпті толық құрғап қалуға дейін орын алатын құрғақ саба тән.
2. Жызғы су тасу мен тасқын болатын өзендер.
3. Тасқын режимі бар өзендер.
Өзендегі су температурасы климатқа тәуелді болады.
Өзендердің термиялық режимі, күн радиациясынан келетін жылу теңгерімімен анықталады.
Жылулық режимі бойынша өзендерді үш негізгі зоналық типке бөледі:
1) температураның маусымдық ауытқуынсыз тұрақты жылы сумен: Амазонка, Конго, Нигер және басқалары;
2) су температурасы-ның маусымдық ауытқуы бар, алайда қыста қатпайтын: Сена, Темза және т.б.;
3) маусымдық температура ауытқуы жоғары болатын, қыста қататын: Волга, Амур, Макензи және басқалары.
Мұздық режим – су нысандарында заңды түрде қайталанатын мұзды түзілістердің туындау, даму және сөгілу үдерістерінің жиынтығы. Мұздық режим сипаттамасы бойынша барлық өзендер үш үлкен топқа бөлінеді:
1) қататын;
2) мұз қатуы орнықсыз;
3) қатпайтын. Қоңыржай климат жағдайында өзендер, әдетте, қыста қатады. Мұндай өзендерде үш сипатты кезең орын алады:
1) қату, немесе күзгі мұз құбылыстары;
2) мұз қату;
3) сөгілу немесе көктемгі мұз құбылыстары. Өзеннің қатуы мен мұзының сөгілуі ауа температурасы 0ºС-тан асқаннан соң бірнеше күннен кейін орын алады.
Еуропа өзендері: Волга, Дунай, Орал, Днепр, Дон, Печора, Днестр, Рейн, Солтүстік Двина, Эльба, Висла, Батыс Двина, Темза, Сена, Рона, По, Луара, Тахо, Маас, Неман, Одра, Эбро, Дуэро.
Азия өзендері: Обь (Ертіс, Тобыл), Енисей, Ангара, Хатанга, Лена, Яна, Ин-дигирка, Колыма, Амур, Аракс,Әмудария, Сырдария, Шу, Іле, Шатт-эль-Араб, Үнді, Ганг, Брахмапутра, Иравади, Меконг, Хуанхэ, Янцзы.
Африка:Замбези, Конго, Лимпопо, Ніл, Көгілдір Ніл, Атбара, Нигер, Оранжевая.
Аустралия өзендері: Муррей, Маррамбиджи, Дарлинг, Купер-Крик, Флиндерс, Дайамантина.
Солтүстік Америка өзендері: Атабаска, Колорадо, Колумбия, Макензи, Ми ссисипи, Арканзас, Миссури, Огайо, Невольничья, Рио-Гранде, Саскачеван, Святой Лаврентий, Юкон.
Оңтүстік Америка өзендері: Амазонка: (Мараньон, Укаяли, Тапажос, Мадейра); Риу-Негру, Магдалена, Парана, Парагвай, Сан-Франсиску.
Қазақстан Республикасының География институты 1938 жылы құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет