Физикалық география



бет27/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Қысымның таралуы.Экваторлық ендіктерде ауа температурасы үнемі жоғары болады. Ауа қызғаннан кейін жоғары көтеріледі де, тропиктік ендікке қарай жылжиды. Сондықтан экваторлық аймақта қысым үнемі төмен болады.
Тропиктік ендіктерде ауа ағынының келуі нәтижесінде жоғары қысым түзіледі.
Полюстердегі (Арктика мен Антарктикада) үнемі суық болып тұратын жерлерде қысым жоғары болады, оны қоңыржай ендіктен келетін ауа тудырады.
Қоңыржай ендіктерде ауаның жылыстауы төмен қысым белдеуін қалыптастырады.
Жер бетінде төмен (экваторлық және екі қоңыр жай) және жоғары (екі тропиктік және екі полюстік) қысым белдеулері бар .
Жердің көтеріңкі және төменгі қысым белдеулері – тұрақты түзіліс.
Қысымның тұрақты белдеулерінің әсерінен тұрақты желдер пайда болады.
Атмосфера айналымының үшбасты зоналық типі бар: 1)пассаттық, батыстағы ауа тасымалы және шығыстағы поляр маңы ауа массасының ағыны. Ауаның муссондық тасымалы атмосфера айналымының жалпы сызбасын бұзады және айналымның бейбелдемдік типіне жатады.
Жоғары қысымның тропиктік белдеуінен төменгі қысым экваторға қарай соғатын тұрақты қуатты желдер – пассаттар деп аталады. Солтүстік жартышарда пассаттар солтүстік-шығыстан, ал Оңтүстік жартышарда оңтүстік-шығыстан соғады. Пассаттарда Солтүстік жартышарда ауа массасын оңға, ал Оңтүстік жартышарда олардың қозғалысының бағытынан солға ауытқытатын Кориолис күшінің әсері. Атмосфера айналымының алғашқы зоналық типі – пассаттық деп аталады.
Қоңыржай ендіктерде батыстан келетін ауа тасымалы– бұл атмосфераның әлемдік айналымының екінші зоналық типі.
Жоғары қысымды поляр маңы белдеулерінен төмен қысымды қоңыржай ендіктерге қарай ауа қозғалады. Жердің айналу күшінің ауытқыту әсерінен полярлық ауа Солтүстік жартышардағы солтүстік-шығыстан және Оңтүстік жартышардағы оңтүстік-шығыстан жылжиды. Шығыстан келетін ауа массасының полюс маңы ағыны атмосфераны айналымының үшінші зоналық типін түзеді.
Құрлық пен мұхиттың біркелкі жылынбауына байланысты ауа массасы таралуының зоналық сызбасы бұзылады. Мысалы, Еуразияның шығысында қоңыржай белдеуде батыстан келетін ауа тасымалы тек жарты жыл бойы – қыста ғана орын алады. Жазда, материк жылынған кезде, мұхиттың салқын самалымен ауа массасы құрлыққа ауысады. Осылайша ауаның муссондық тасымалытуындайды. Жылына екі рет ауа қозғалысы бағытының алмасуы – муссондық айналымның өзіне тән ерекшелігі. Қысқы муссон– салыстырмалы түрде суық және құрғақ ауаның материктен мұхитқа қарай ағылуы. Жаздық муссон– ылғалды және жылы ауаның мұхиттан материкке қозғалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет