Ауа массасы. Ауа массасы – тропосферадағы ауаның ірі көлемі, оның белгілі бір ортақ қасиеттері (ауа массасы қалыптасатын ауданмен байланысты) бар және атмосфераның жалпы айналымы ағындарының бірінде бір бүтін ретінде қозғалады.
Ауа массалары әлдеқайда биік ендікке немесе әлдеқайда суық жерге қарай қозғалатын болса, оларды жылы ауа массасы деп атайды. Неғұрлым төмен ендікке немесе неғұрлым жылы жерге қарай жылжитын ауа массалары суық ауа массаларыдеп аталады.
Ауа массалары Жердің бір аймағынан екіншісіне қарай ауысқан кезде өздерінің қасиеттерін ұзақ уақыт бойы сақтайды. Басқа географиялық аудандарға қарай жылжи отырып, ауа массалары біртіндеп өз қасиеттерін, ең алдымен, температурасы мен ылғалдылығын өзгертеді, яғни басқа типті ауа массасына айналады. Ауа массасының қасиетін өзгерту және жергілікті жағдайдың әсерінен олардың бір типтен екіншісіне айналу үдерісі ауа массасының ауысуы деп аталады.
Белгілі бір қасиетке ие болу үшін ауа массасы ұзақ уақыт бойы өздері түзілген аймақта қалуы тиіс. Ауа массалары көбінесе жоғары қысымды аймақтарда іркіліп тұрады. Жоғары қысым аймағы – ауа массасы түзілуінің әдеттегі ошағы. Жоғары қысым аймағы антициклондар деп аталады.
Антициклон – бұл ортасында жоғары қысым болатын аймақ. Антициклондағы ауа қозғалысы ортасынан (неғұрлым жоғары қысым аймағынан) шеткі аймаққа қарай (неғұрлым төмен қысым аймағынан) бағытталады.Антициклон Солтүстік жартышарда сағат тілінің бағыты бойынша және Оңтүстік жартышарда – сағат тілінің бағытына қарсы бағытта жүзеге асады. Антициклондағы ақпа қозғалыстарға байланысты ауа ылғалдылыққа қанықпайды, бұлт түзілу орын алмайды және баяу желді және желсіз ала бұлтты әрі құрғақ күн райы қалыптасады.
Циклон – бұл ортасындағы қысым төмен болатын аймақ. Циклондағы ауа шеткі аймақтан (жоғары қысымды аймақтан) бастап ортаға қарай (төменгі қысымды аймаққа қарай) шиыршықтала жылжиды, сосын өрлемелі ағын туындата отырып, жоғары көтеріледі.Циклонда ауа қисық сызықты жолмен қозғалады және Солтүстік жартышарда сағат тілінің бағытына қарама-қарсы бағытта және Оңтүстік жартышарда сағат тілінің бағытымен бағытталады. Циклондарға бұлттылық пен жауын-шашынның аумақта ауқымды таралуы, қатты желдер мен температураның айтарлықтай өзгерістері тән.
Арктикалық ауа Солтүстік Мұзды мұхитта, ал қыс мезгілінде Еуразияның солтүстігі мен Солтүстік Америкада пайда болады. Арктикалық ауа төменгі температурамен, ылғалдылығының аздығымен, анық көрінуімен және тұрақтылығымен сипатталады. Теңіз арктикалық ауасы аздап жылырақ және құрамында ылғалдылық жоғары болады. Арктикалық теңіз ауасының материкке қыста енуі жылу әкеледі. Континенталды арктикалық ауаның температурасы өте төмен, құрамында ылғалдылығы аз болады. Континен-талды арктикалық ауаның материкке енуі ашық күн райы мен анық көрінетін кезде де күннің қатты суытуына себепші болады.
Қоңыржай (полярлық) ауа. Бұл – қоңыржай ендіктің ауасы. Қоңыржай ауа екі тип тармағына бөлінеді. Континенталды қоңыржай ауа қыста өте салқын және тұрақты, күн райы, әдетте ашық, қатты аязды болады. Жаздаконтиненталды қоңыржай қатты қызады, онда ұлғаймалы ток пайда болады, бұлттүзіледі, жиі жауын жауады, найзағай ойнайды. Теңіз қоңыржай ауасы ылғалдылығының жоғары болуымен және қоңыржай температура-сымен сипатталады. Қыста теңіз қоңыржай ауасы бұлыңғыр күн райын, мол жаңбыр мен температураның көтерілуіне (жылымық) әкеледі. Жазда қоңыржай теңіздік ауа мол бұлттылық, жаңбырлы күндер тудырады; мұндай ауа енген кезде температура төмендейді.
Қоңыржай ауа полярлық, субтропиктік және тропиктік ендіктерге енеді.