Беткейлер– жер бетінің еңісті бөліктері. Барлық құрлықтың 80%-дан астам көшкіндері мен опырылымдары беткейлердің үлесіне тиесілі болады. Шаруашылық іс-әрекетте ең алдымен беткейлердің тіктігін ескеру керек. Тіктігі бойынша беткейлер: өте тік(а>35°), тік(а – 15–35°), орташа тік беткейлер(а – 8–15°), еңіс(а – 4–8°), өте еңіс(а – 2–4°) болып бөлінеді.
. Беткейлерді террасалау – беткейлерде сатылар (жасанды терраса) жасау дегенді білдіреді, яғни беткейлерді ауыл және орманшаруашылығына, сонымен қатар, су эрозиясымен күресу үшін пайдалануға болады.
Террасаларды тіктігі 35°-қа дейінгі беткейлерде кеседі, олардың ені 3 метрден кем болмайды.
Күн экспозициясы беткейлерінде жылу сүйгіш, ал сыртқы жағында – көлеңкесүйгіш өсімдіктерді өсіреді.
17.Климат түзуші түрткіжайттар Жергілікті жерге тән ауа райының көпжылдық режимі климат деп аталады.
Қазіргі климат 30-35 жыл ішінде өзгереді. Климатты зерттеумен климатология ғылымы айналысады.
Күн радиациясы, атмосфералық циркуляция және жердің төсеніш беті – Жер климатының қалыптасуына әсер ететін негізгі түрткіжайттар.
Жер үшін күн радиациясы – жылу және жарық энергиясының көзі.
Күн радияциясы ккал/см2немесе кВт/м2-пен есептеледі. 2 кал/1 см2× 1 мин немесе 1367 Вт/м2 «күн тұрақтысы» деп аталады.
Орташа есеппен жер бетінің әр км2 жылына 2,6× 1015 кал сәйкес келеді.
1 кал— бұл 1 г суды 1°С жылыту үшін қажет энергия бірлігі.
1 ккал— 1 кг суды 1°С жылыту үшін қажет энергия.
1 ккал= 1000 кал.
Калориямен (кал) өлшеу дәстүрлі болып саналады. Көптеген елдерде күн радиациясының мөлшерін джоульмен өлшеу қалыптасқан. Джоуль – жұмыстың өлшем бірлігі. Энергия мен жылу мөлшерін Халықаарлық бірліктер жүйесінде (СИ) өлшеу қабылданған. 1 калория(кал) = 4.1868 Дж.
Жер шар тәрізді күн радиациясы жер бетіне 0°-тан 90°-қа дейінгі бұрыш жасап түседі.
Күн радиациясы тура және шашыранды болып бөлінеді. Жер бетіне жететін, атмосферада шашырамайтын және жұтылмайтын радиацияны тура радиация деп атайды. Шашыранды радиация – атмосферада шашырап кететін радиацияның бөлігі, ол жарыққа ауысады. Тура және шашыранды радиацияның қосындысы жиынтық радиацияны құрайды.
Жер бетінен кері шағылысқан жиынтық радиацияның бір бөлігі шағылысқан радиация деп аталады. Беттердің немесе жекелеген денелердің күн радиациясын шағылыстыру қабілеті альбедо деп аталады. Ол бетке түсетін шағылысқан радиацияның үлесімен (%) анықталады. Ең үлкен альбедо қардікі – 70–90%, құмның альбедосы – 35%-ға дейін, шөп жамылғысының 20–25%,орманның ұшар басының 5%-дан 20%-ға дейін болады. Ең төмен альбедо суда – 5% және жыртылған топырақта (қара топырақтың 5%, күлгін топырақтың 20%-ға дейін). Жер шарының жалпы альбедосы 40% шамасында.
Жер бетіне сіңген жиынтық радиацияның бөлігі жұтылған радиация деп аталады.
Күн радиациясының кірісі мен шығысының айырмасын радиациялық баланс деп атайды. Баланстың көлеміне көбінесе бұлттылық әсер етеді.
Жерге түсетін күн радиациясы мен оның бетінен шығатын сәулеленудің арасындағы өзара арақатынасты Жер-атмосфера жүйесінің жылулық балансы деп атайды. Жердің беті жылу алады. Ол жылуды ұстай алмайтындықтан, оны әртүрлі түрде қайтадан атмосфераға жібереді. Бұл тиімді сәулешығару деп аталады.