Бекбосынова Улжан,
Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Бәйдібек ауданы
Тақырыбы: Қазақстанның аласа таулар
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы аласа таулардың түрлері мен олардың географиялық орны туралы түсінік беріп, өзіндік ойлау қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, картамен жұмыс жасау дағдысы мен шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Кластер
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, инетрнет материалдары, оқулық, электронды оқулық, атлас және кескін карта, саяси және физикалық карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Сынып ережесін бекітіп алу, сынып ережесін сақтауды ескерту. Сыныпты үш топқа бөлу.
Ойсергек: «Өз тобыңдағыларға тілегенді – басқа топтағыларға да тіле» ойыны.
Сабақ барысын үш кезеңге бөліп алу. Кезеңдерді айқындап алу.
-
«Проблеманы айқындау» кезеңі
-
«Проблеманы шешу» кезеңі
-
«Проблема шешімін қолдану» кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
«Кім жүйрік» деңгейлік сұрақтар
2 «Ой қозғау» әдісі
-
«Венн диаграммасы»
-
Электронды оқулықпен жұмыс
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі
3. Термин сөздермен жұмыс (Дәптермен жұмыс).
1топ- Мұғалжар: «Топтастыру»,
2топ- Маңғыстау: «Тірек-сызба»,
3топ- Сарыарқа: «Кластер» әдісі
IV. Жаңа сабақты бекіту.
-
Сұрақ-жауап.
-
Баяндамашы жасаған постерге талдау жасайды.
-
Қорытындылау
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Кері байланыс.
VII. Үйге тапсырма беру.
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
5 минут
| -
Кіріспе.
-
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпты топқа бөлу үшін «Команда таңдау» әдісі бойынша тақтаға үш ер баланы шығарып, 3 топтың атын жазып ұстаттым.
Ойсергек: «Өз тобыңдағыларға тілегенді – басқа топтағыларға да тіле» ойыны. Оқушыларға А4 ақ парағы таратылады.
|
Мұғаліммен сәлемдесу.
Топқа бөліну әр баланың өз құқығы. Қай топқа барғысы келсе, сол топты оқушы өзі таңдайды. 3 топқа бөлінеді
1-топ: Маңғыстау тобы
2- топ: Мұғалжар тобы
3-топ: Сарыарқа тобы
Әр топ мүшелері бір параққа бір-бір тілектен жазады,өздері жазған тілектерін көрші топпен алмасып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.
|
Түрлі-түсті кеспе қағаздар,
А4 парағы
| -
«Проблеманы айқындау» кезеңі
|
5 минут
|
Үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген деңгейлік тапсырмаларды сұраймын.
«Кім көп біледі» кестелік тапсырмамен пысықтаймын.
|
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
«Ой қозғау» әдісі бойынша әр топ кестемен жұмыс жасайды.
|
Кестелер, маркер
|
5 минут
|
Жаңа сабаққа «көпір салу»
Жаңа сабақтың тақырыбын жариялаймын.
«Венн диаграммасы» бойынша тапсырма беремін.
|
Өткен тақырыппен жаңа сабақтың тақырыбын (жазық пен тау)салыстырады.
«Венн диаграммасын» толтырады.
1-топ: Тауға анықтама береді
2-топ:Жазыққа анықтама береді
3-топ: Тау мен жазықтың ортақ белгілерін анықтайды.
|
Плакатқа сызылған Венн диаграм-масы, маркер
| -
«Проблеманы шешу» кезеңі
|
14 минут
|
3 топ мүшелеріне 3 түрлі ресурс таратып беремін.
Әр топқа бір-бір флипчарттан беріп, тапсырма беремін.
|
Берілген ресурсты әр оқушы өзі оқиды, жұптық, топтық жұмыс жасайды.
1топ-Мұғалжар: «Топтастыру»,
2топ-Маңғыстау:«Тірек-сызба»,
3топ-Сарыарқа: «Кластер» әдісі бойынша постер қорғайды
|
Интернет матери-алдары, флип-чарт, маркер
| -
«Проблема шешімін қолдану» кезеңі
|
8 минут
|
Әр топқа бес стикерден таратамын. Оның ішінде тек біреуінде ғана «көшбасшы» деген сөз жазылған, қалған стикерлер тап-таза.
|
Таратылған стикерден бір-біреуден алады. 3 топтан 3оқушыға «Көшбасшы» деген сөз тиеді, сол оқушылар өздерінің тобынан басқа топтарға барып, тақырыпты түсіндіріп береді.
Әр топтың көшбасшыларын «Бағдаршаммен» бағалайды.
|
Стикер
|
3 минут
3 минут
2 минут
|
Бірін-бірі бағалауға нұсқау беру.
Кері байланыс орнату
Үйге тапсырма: Атлас және кескін картамен жұмыс.
|
Өзара бірін-бірі бағалайды. Жұптық, топтық бағалау.
«Екі жұлдыз – бір тілек» стикерге жазып қалдыру
Қазақстанның аласа тауларын кескін картаға түсіріп келеді.
|
Ламинад-талған парақ
Стикер
Атлас, кескін карта
|
Сабақтың жағымды жағы: Топтық жұмыстың артықшылығын білді.
Сабақта жіберілген кемшіліктер: Өзін-өзі бағалаулары жоғары болды. Сабақ қорытындысы: Қазақстандағы аласа таулардың географиялық орындарын білді.
Пайдаланған әдебиеттер
-
«Табиғат және география» ғылыми – падагогикалық журнал
-
Қазақстанның физикалық географиясы
-
Интернет материалдары
-
География пәнінен оқушы анықтамасы
-
«Шың» 2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |