Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:
1) өсу мен даму гетерохронды болады.
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі
6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады).
Жас кезеңдері– бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
Жас кезеңдері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
1 Жаңа туған сәби 1-10күн
2 Нәрестелік шақ 10 күн -1 жас
3 Сәбилік шақ (ерте балалық) 1-3 жас
4 1-ші балалық шақ 4-7 жас
5 2-ші балалық шақ 8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар
6 Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ 13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар