Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


Лекция 10 Су құбыры тораптарының конструкциясы



бет44/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


Лекция 10 Су құбыры тораптарының конструкциясы
1 Су құбырының құрылымына қойылатын талаптар
Су құбыры тораптарының жұмысы әрдайым өзгеріп тұратын шығындарға тәуелді болатындықтан, олардың болашақта жұмысістеу қабілетін алдын ала болжау қиын. Дегенмен, құбырлардың материалдарын және оларды құрастыратын қосалқы бөлшектердің конструкциясына қойылатын талаптарды алдын ала білсек, құбырлардың жұмысқа деген бейімділігін анықтауға болады. Су құбырларының құрылымы мынандай талаптарға сай келуі тиіс:

в) сыртқы және ішкі күштерге шыдамды;

б) қабырғаларынан су өткізбейтін;

в) ішкі беті тегіс;

г) ұзақ жылдар жұмысқа төзімді.

Сонымен бірге құбырлар басқа бөлшекті құрылыс элементтері сияқты құрылысты тез, оңай және ықщамды түзуге мүмкіншілік бере алуы керек. Сонымен қатар құбырлар мекенжайда үздіксіз сумен қамтамасыз етуі ләзім.


2 Құбырлар
Қазіргі кезде жиі қолданылатың құбырларға шойыннан, болаттан, асбестцементтен және темірбетоннан жасалынатын құбырлар жатады. Кейінгі кезде синтетикалық құбырлар да кең қолдау табуда.

Шойын -құбырлар. Су жүйесінде қолданылатын шойын құбырларының бір жақ басында екінші құбырды кіргізуге арналған кең қоныш болады да, екінші ұшы тегіс болып келеді (2.23 сурет).

Бұл құбырлар 9583-75 Мемлекеттік стандарт бойынша ішкі диаметрі 65...1200 мм, ұзындығы 2...7 м етіп жасалынған. Шойын құбырларын зауытта жасап шығарар алдында мүжілуден сақтау мақсатында ішкі және сыртқы ішкі және сыртқы қабттарын мұнайдың қалдығымен (битуммен) майлайды.

Құбырлардың қосылатын жері (қонышқа кірген жері) берік және су өткізбейтін болуы тиіс және жүргізілген құбырлырдың жапсарлары иілу қабілетіне ие болуы шарт. Бұл көршілес (тізбекті) жатқан құбырлардың осьті бойлап жылжымауына, былайша айтқанда беріктігіне себеп болады.

Шойын құбырларын бір-біріне жалғаған кезде бір құбырдың тегісжағы келесі құбырдың кең қонышына түбіне 3...5 мм жеткізілмейтіндей етіп кіргізіледі. Жапсардағы дөңгелек қуыс нығыздаушы материалдармен толтырылады.

Алдымен кең қоныштың саңылауын құбырлар қосылған жерден су ақпауын қамтамасыз ету үшін шайырлы арқанмен нығыздайды. Ол үшін саңылауға қоныш ұзындығының 2/3 бөлігіне дейін бірнеше рет қабатталып ширатылған шайырлы арқанды конопаткамен ұрып тығыздайды. Саңылаудың қалған бөлігін жапсарға беріктерін арттыратын біреуге арналған асбестцементті дымқыл қоспамен толтырады. Бітелген жапсарлар жеткілікті дәрежеде иілігіш және тербетуші күштерге төзімді болуы тиіс. Дегенмен, жапсарлы қосылыстардың беріктігі құбырлардыкіндей болмайытындықтан, су торабтарындағы апаттар көбінесе осы түйіскен жердің осалдығынан болады.

Диаметре 300 мм дейінгі сақиналы құбырларды резеңке сақиналар көмегімен қосуға болады. Ал үлкен диамтрлі құбырларды резеңкемен қоса бұрандалы ілмек муфта арқылы (2.23 сурет) жалғауға болады.



Шойы құбырлы су жүйесінің торабтарын аталған МЕСТ 9583-75 бойынша шығарылған фасонды бөлшектер көмегімен құрастырады. Фасоңды бөлшектер құбырдың бағыты мен диаметрін өзгертуге, құбырларды арматуралармен және басқа пайдалануда қажет болатын қондырғылармен қосуға мүмкіншілік береді (2.10 кесте).

: а) жалпы көрінісі; б), в), г) бекіту әдістері.

1 – құбырдың тегіс ұшы; 2 – шайырлы арқан; 3 – толықтырғыш;

4 – құбырдың қонышы, 5 – резинкалы нығыздағыш; 6 – ілмек муфта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет