2.33 сурет. Су сұрыптаушы колонка. Лекция 13 Су жүйесі торабындағы құрылыстар Бақылау құдықтары. Жоғарыда айтылғандай су құбыры торабының арматуралық құдық ішіне орналастыралады, сондықтан бақылау құдықтарының өлшемі сол арматуралар мен құбырлардың диаметрлеріне және санына байланысты болады. Олардың көлемі құбырлардың жалғаушы фасонды бөлшектердің санына тәуелді.
Құдықтардың биіктегі құбырдың жүргізілетіңн тереңдігіне сәйкес алынады. Олар кірпіштен немесе темірбетон блоктардан құрастыруға болады. Блоктар зауытта дайындалатындықтан құрылыс алаңына тек жинау жұмыстары жүргізіледі. 2.34 суретте құдықтардың негізгі бөліктері көрсетілген. Құдықтардың қабырғасына жұмысшылар түсіп-шығатын аяққойғыштар (скобалар) орнатылады.