Жұлдыздардың жарқырағыштығы. Жұлдыздарда Күн тәрізді энергияны электромагниттік тербелістің барлық толқын ұзындығы диапозонында шығарады. Жарқырағыштық жұлдыздың сәуле шығаруының жалпы қуатын сипттайтын және ең басты сипаттамаларының бірі болып табылады.
Жұлдыздардың жарқырауының айқын айырмашылығын алғашрет 1905 жылы дат астрономы Э.Герцшпрунг (1873-1967) анықтады. Бүгінде жұлдыздарды олардың жарықтылығына қарай аса алып және ергежейлі деп топтастырады. Аса алып жұлдыздар Күннен мыңдаған, ондаған мың және жүздеген мың есе алып жұлдыздар – жүздеген есе күшті сәуле шашады, ал ергежейлі жұлдыздардікі Күнмен барабар және онан жүздеген мың есеге дейін төмен. Табиғатта ергежейлі жұлдыздар аса алыптармен алыптарға қарағанда әлдеқайдакөп, сондықтан біздің Күніміз жалғыз жаратылыс емес,ол орташа көлемді және орташа жарықжұлдыз болып табылады. Енді жұлдыз жарқырауының олардың көлемдеріне ғана емес, оларлың фотосфераларының температурасынанда болатынын атап айтамыз. Жұлдыздардың өлшемдері бірдей болған жағдайда фотосфера температурасы неғұрлым жоғары болса,жарқырауы соғұрлым күшті және жұлдыздардың түстері де оның температурасына тікелей байланысты.