Лекция конспектісі 5В012800-«Астрономия» мамандығы үшін



бет7/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#123444
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
Астрономия лекция 15

ЛЕКЦИЯ №3


Тақырып: Күннің жылдық көрінерлік қозғалысы.


Жоспары:
1. Уақыттың негізгі өлшемдері.
2. Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
3. Жұлдыздардың планеталық жүйесі
4. Жер тобының планеталары
5. Алып планеталар

Экваторлық координаттары көптеген айлар бойы, тіпті жылдар бойы өзгеріссіз қалатын жұлдыздармен салыстырғанда альфа мен бетасы жылдам өзгеретін шырақтар да болады. Күннің жыл бойындаы қозғалысын ежелгі астрономдар сол кездің өзінде-ақ білген. Бірақ бұл бақыланатын құбылысқа Жердің Күнді айнала қозғалатыны анықталғаннан кейін ғана дұрыс түсінік береді. Күннің эклиптика бойымен өтетін көрінерлік қозғалысы – Жердің Күнді айнала шынайы қозғалысының көрінісі.


Күннің жылдық қозғалысы және жұлдызды аспанның көрінісі.
Аспан сферасының центрі арқылы өтетін және дүние осіне перпендикуляр жазықтық аспан сферасын QWQ1E үлкен дөңгелегі – аспан экваторы бойымен қиып өтеді. Аспан экваторы көкжиекпен шығыс (Е) және батыс (W) нүктелерінде қиылысады. Барлық тәуліктік параллельдер орналасқан.
Дүние полюстері мен бақыланатын шырақ арқылы өтетін аспан сферасының үлкен дөңгелегі шырақтың еңкею дөңгелегі деп аталады.
Аспан экваторының жазықтығынан еңкею дөңгелегі бойымен есептегендегі шырақтың бұрыштыққашықтығы шырақтың еңкеюі деп аталады. Еңкею градуспен, минутпен және секундпен өрнектеледі. Аспан экваторы аспан сферасын солтүстік және оңтүстік жарты шарларына бөледі.
Аспан сферасының тәліктік айналысы тәуліктік айналысы кезінде аспан экваторына қатысты жұлдыздардың орындары өзгермейді. Сондықтан да экваторлық координаттар (географиялық координаттар сияқы) карталарды, атластарды, каталогтарды (жұлдыздың тізімдерін) жасауға қолданылады.
Өздеріңнің жұлдызды карталарыңнан сендер дүниенің солтүстік полюсін (картаның центрін), аспан экваторын, көктемгі күн теңелу нүктесін, жұлдыздардың еңкеюі мен тік көтерілуінің санақ басын таба аласыңдар. Олай болса, осы картаны пайдалана отырып, жұлдыздардың экваторлық координаттарын жуықтап анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет