Лекция конспектісі 5В012800-«Астрономия» мамандығы үшін



бет3/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#123444
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Астрономия лекция 15

Астрономиялық құралдар
Астрономиялық құралдар- астрономиялық бақылауларға және оларды өңдеуге арналған құрал-жабдықтар. Астрономиялық құбылыстарды бақылау аспаптарына (телескоптарға), бақылауға арналған көмекші құралдарға, жарық қабылдайтын және оны талдайтын аппаратураларға, уақыт құралдарына, лабораториялық құралдарға, көмекші есептеуіш машиналарға және демонстрациялық құралдарға топтап бөлуге болады.
Оптикалық телескоптар зерттелетін аспан шырақтарының жарығын жинауға және олардың кескіндерін түсіруге арналған. Олар оптикалық сұлбалар бойынша айналық жүйе (рефлекторлар), линзалық жүйе және аралас айналы-линзалы жүйелері болып ажыратылады. Телескоптар қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 20 ғасырдың орта кезінде жасалған дүние жүзіндегі ең үлкен оптикалық телескоп (АҚШ-тағы Маунт-Паломар абсерваториясында) айнасының (рефлекторының) диаметрі 5м болды. Аспан объектілерінің координаттарын анықтау және уақыт қызметін жүргізу үшін меридиан дөңгелегі, зенит-телескоптар, зениттік көру түтіктері, призмалық астролябия т.б. аспаптар қолданылады. Күн тәжімен хромосфераны бақылау үшін коронограф, атмосф және фотосфералық телескоптар қолданылады.
Аспан объектілерін бақылағанда кейбір көмекші құралдарда (окулярлық микрометрлер, кассеталар т.б.) , сондай-ақ жарықты қабылдайтын және оларды талдайтын аппаратураларда пайдаланылады. Ежелгі дәуірлерде уақыт құралдары күн сағаты, гномон болды, сонан соң күннің не жұлдыздың аспан меридианымен қиылысу мезеті қабырғалық квадрантпен анықталады. Уақытты анықтайтын дәл маятникті приборлар ретінде Шорт сағаты, Федченко сағаты ұзақ уақыт бойы пайдаланылып келді. Қазір олардың орнын кварц сағаты және молекулалық (немесе атомдық) сағат ауыстыра бастады. Бақылау нәтижесінде алынған фотосуреттерді өңдеу үшін лабораториялық қуралдар аспанның бір учаскесінің екі фотосуретін салыстыру үшін блинк – компараторлар, спектрограммадағы спектрлік сызықтардың толқын ұзындығын өлшеу үшін компараторлар, спектрограммадағы спектр қарқындылығының таралуын өлшеу үшін микрофотометрлер, жұлдыз жарықтылығын оның фотографиясы бойынша анықтау үшін жұлдыздың микрометрлер, т.б. қолданылады. Бақылау нәтижелерін өңдеуге байланысты есептеулер жүргізуге арналған есептеуіш машиналар пайдаланылады. Демонстрациялық құралдар қатарына күн жүйесінің моделі теллурий және астрономиялық құбылыстарды сфералық күмбездің ішкі бетінен көрсетуге мүмкіндік беретін планетарий жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет