Байланысты: Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері ЛЕКЦИЯ
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері 1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп,мұқият тексеру керек(верстактың қысқыш қораптары т.б.)
2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.
3. Кесу,сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.
4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды,материалынды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Металмен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі ережелері:
1. Қаңылтырдың бетін,жиегін саусағыңмен сипама.
2. Қаңылтырмен жұмыс істегенде,міндетті түрде қолғап кию қажет.
3. Сым темірмен жұмыс жасағанда,оның екінші ұшына сақ болған жөн.
Сарамандық жұмыста сынып оқушыларын 5 топқа бөліп,әр топтың тапсырмаларын түсіндіру.Сандықшаны жүйелі түрде жасап шығару үшін,жасалу технологиясын 5 кезеңге бөлеміз.Әр кезеңнің жұмысын әр топ жасайды.
Сандықшаның жасалу технологиясы:
1 кезең /І топ/.Өлшемі бойынша бет жағын және артқы жағын,екі жанын жасайды.
2 кезең /ІІ топ/.Өлшем арқылы қақпақтың екі жанын бірдей жасайды.
3 кезең /ІІІ топ/.Сандықшаның бет жағына түсетін оюды қағаздан ойып,қаңылтырға түсіреді.Қаңылтырды өлшемі арқылы қию.
4 кезең /ІV топ/.Шеку шегесі (чекан) және балғамен алдын ала қаңыл-тырға түсірілген өрнекті бедерлеп шеку,түзету.
5 кезең /V топ/.1,2,3,4 топтар жасаған бөлшектерді құрыстырады. Алдымен қорабы мен қақпағын жинап,шегелеп,содан кейін қораптың бет жағына чеканка орнатады.Екі бүйіріне тұтқа қағып,топсаларымен кекілін бекітеді.
Сарамандық жұмыс
Оқушылардың жұмыс жасауы үшін құрал-жабдықтарды,халаттарды үлестіреді.Әр топтың жетекшілеріне тапсырылады.
Қорытынды бөлім
5 кезеңнің жұмыстары 5 топтың мүшелерінің көмегімен аяқталған соң, әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғап,қорытынды жасайды. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерін талдап, білім-дерінбағалау.
Үйге тапсырма: Сандықтың түрлері туралы мәнжазба жазып келу. Топтыңжетекшісі еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырып,кезекші шеберхананы жинастырады