Лекция конспектісі 6В01502 Химия білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2022 «Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы»



бет3/28
Дата25.09.2022
өлшемі322,59 Kb.
#150638
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ЖМҚХ лек консп

ПОЛИМЕРЛЕР



Желім-дер

Қабыр-шақтар и

Каучук-тери

Пластмас-салар

Талшық-тар

Лак-тар

Полимерлер композициялық материалдарды, ионалмасатын шайырларды (полиэлектролиттерді) т.с.с. алу үшін қолданылады.


Жоғары молекулалық қосылыстарды (полимерлерді) сипаттау үшін келесі түсініктерді қарастыру қажет:

  • мономер

  • макромолекуланың құрылымдық буыны

  • макромолекула

  • макромолекуланың полимерлену дәрежесі

  • макромолекуланың молекулалық массасы

  • полимердің молекулалық массасы

  • макромолекулалардың геометриялық құрылымдары

Полимерлер түзетін төмен молекулалық қосылыстар мономерлер деп аталады.
Мысалы, пропилен СН2=СH–CH3 полипропиленнің мономері болып табылады:

Тізбекті макромолекулада көп ретті қайталанылатын атомдар тобы оның құрылымдық буыны деп аталады.


Мысалы, CH2=CH2 этиленнің полимерленуінде алынатын полиэтилен
...-CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-CH2-... немесе 
(-CH2-CH2-)n

Полимер молекуласын макромолекула (грек сөзінен "макрос" - үлкен, ұзын) деп атайды.
Макромолекулалардың молекулалық массасы ондаған-жүздеген мың (және тіпті миллион) атомдық бірліктерге жетеді.
Макромолекулалардың схемалық кескіндемесі:
Этиленнің полимерлену өнімі–полиэтилен қарапайым органикалық полимер болып табылады. Этилен-қосылу реакциясына оңай түсетін қанықпаған көмірсутек. Этиленнің екі молекуласы қосылып бутилен молекуласын түзеді:
CH2=CH2+CH2=CH2→CH3-CH2-CH=CH2
Бастапқы зат–этилен бутилен димерін түзетін мономер деп аталады. Этиленнің үш молекуласының қосылуы кезінде тример, төрт-тетрамер, т.с.с. түзіледі. Егер мономердің n молекулалары қосылса, полимер («поли»-көп) түзіледі:
nCH2=CH2→[-CH2-CH2-]n
Полимерлену дәрежесі — макромолекулаға қанша мономер молекуласы қосылғанын көрсететін сан.
Макромолекуланың формуласында полимерлену дәрежесі әдетте "n" индексімен белгіленеді, жақшада құрылымдық (мономерлік) буын болады:

n >> 1
Мономерлер қалдығы болып табылатын көп ретті қайталынатын топтар буындар немесе мономерлік буындар деп аталады; буындардан құралған үлкен молекула макромолекула немесе полимерлік тізбек деп аталады.
Полимердің үлкен молекулалық салмағы кезінде тізбектің соңғы топтарын назарға алмауға болады және бірнеше буындармен немесе тіпті бір буынмен шектеле отырып, полимер молекулаларының химиялық формуласын оларсыз жазуға болады. Осылай, этиленнің полимерлену өнімін келесідегідей жазуға болады:
...-CH2-CH2-CH2-CH2-...немесе [-CH 2-CH2-]n
Сондықтан бір макромолекулаларда мономерлік буын көп, ал басқасында –аз. Яғни, әр түрлі полимерлену дәрежесімен, қатысты әр түрлі молекулалық массасымен макромолекулалар түзіледі (полимергомологтар деп аталатын). Демек, молекулалық масса және полимерлену дәрежесі орташа шамалар болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет