Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін



бет62/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
Электронды дерек көздері

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015594

https://uchet.kz/

https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/activities/directions?lang=kk

9 тақырып
Капитал мен резервтер есебі
Жоспары:
1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.

2. Төленбеген капитал есебі. қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар.

3. Эмиссиялық кіріс есебі.

Мазмұны
1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып табылады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттік қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған құрылған заңды тұлғалар өз қызметтін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.

Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша акциялардың сандары, бір акциянының номиналдық құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлерлік жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Жауапкершілігі шектелген серіктестік болып құрылтайшылық құжаттарда жарғылық капиталы үлестерге бөлінген бір немесе бірнеше серіктестіктер табылады. Қосымша жауапкершілігі бір серіктестік болып жарғылық капиталға салған үлестеріне сәйкесті жауапкершілікік тартатын серіктестіктер табылады. Егер де ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда одан басқа сатылған салымдарының көлеміне қарай есептеледі.

Қатысушылардың жауапкершілігінің шектеулі мөлшері жарғыда бекітіледі. Жарғылық капиталдың көлемі ЖШС-ң құрылтайшылармен анықталыды және заңдылық актілерге көрсетілген ең аз мөлшерден төлем болмиауы керек.

ЖШС-ң жарғылық капиталына қағаз заттар және мүліктік құқықтық ретінде болуы мүмкін.

Мысалы: айталық 3 құрылтайшылар өз капиталдары біріктіріп жихаз дайындап, оны айтатын серіктестік құруға бел буды. Олардың әр қайсысының құрылтайшылық құжатқа негізделе отырып салымдары төмендегідей:



  • 1 құрылтайшы ақшалай – 20000тг, жабдықтар – 15000тг

  • 2 құрылтайшы ақшалай – 18000тг, негізгі құралдар -10000тг

  • 3 құрылтайшы ақшалай – 19000тг және ТМҚ -12000тг.

Олай болса, жарғылық капиталдың көлемі -94000тг құрайды және әр қатысушының үлесі келесі түрде болады.

1.құрылтайшы -37%

2.құрылтайшы -30%

3.құрылтайшы -33%

Акционерлік қоғам өзінің акционерлерінен болашақта қайта бөлу мақсатында сатып алуы немесе қоғамның жарғысында көрсетілген басқа да негіздерге сәйкесті акцияларды жоюы мүмкін. Айналымнан алынған акциялардың жарғылық акционерлік капиталдың азаюына Дт 5030 «Салымдар мен пайлар» және Кт 5210 «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар».

Сатып алынған акциялар өз бағаларынан жоғары бағада сатылса, онда артышылық сомаға 5310 «Эмиссиялық кіріс» шоты кредиттелінеді. Мысалы АҚ 500 акцияны 20000 теңгеге сатып алды, және үш күн мерзімі ішінде оларды 55 теңгеденн әр акцияны қайта шығарды (27500).

Бухгалтерлік есепте келесі жазулар беріледі:

1.Акцияларды сатып алғанда

Дт 5020 Кт 1030

Оларды сатқанда кері жазу беріледі.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артытшылығы бар) акцияларыдың сандары, содай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:



  • “Жай акциялар”,

  • “Артықшылығы бар акциялар”,

  • “Салымдар мен жарналар”

-деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

Акционерлік қоғамдағы бухгалтерлік есептің серіктестіктердегі бухгалтерлік есептен басты айырмашылығы Меншікті капитал есебінде.

Корпорациялар өз акцияларын меншікті капиталды ұлғайту мақсатында сатады. Корпорация-заңды құқықтары, ерекше артықшылықтары мен міндеттемелері, корпорация иелерінің заңды құқықтары, ерекше артықшылықтары мен міндеттемелерінен ерекшеленетін заңмен бекітілген тәуелсіз заңды тұлға. Акционерлік компанияларда меншікті капитал Акционерліккапитал деп аталады. Үш келесі категория, әдетте, Акционерлік капиталдың бөлігін құрайды.

1.Акционерлік капитал;

2.Қосылған (қосымша төленген) капитал;

3.Бөлінбеген пайда

Корпорация баласында меншік иелерінің капиталы «Акционерлік капитал» бөлімінде көрсетіледі және келесі баптарды қамтиды.

Акционерлік капитал мен қосымша төленген капитал (эмиссиялық кіріс)-салынған капиталда көрсетілуге тиісті минималды мөлшері, ережеге сәйкес номиналды немесе жарияланған акцияларына тең және акциялардың номиналды құнынан артық төленген барлық сома.

Салынған капитал-акционерлердің корпорацияға жасаған алғашқы инвестициясын құрайды.

Акция-бұл меншік құқығын куәландыратын құнды қағаз.

Номиналды құны-акционерлік капитал шотында көрсетілуге тиісті және жарғылық капиталды анықтау үшін қолданылатын құнды қағазда көрсетілген бір акцияның номиналды құны. Акция орнына сатып алушыға сертификат берілуі мүмкін, онда акционердің иемденген акция мөлшері көрсетіледі.

Кәсіпорын акцияның екі түрін- қарапайым және артықшылығы бар шығара алады.

Жәй акциялар- бұл ережеге сәйкес дауыс құқығы берілген акцияның жалғаз түрі. Бұл дегеніміз, жәй акциялар иелері директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауға құқықты және директорлар кеңесі мерзім сайын жариялайтын дивидендтерді алуға құқылы.

Артықшылығы бар акциялардың жәй акциядан артықшылығы келесілердің бірінде байқалады: дивиденд төлеудегі артықшылық, жойылатын корпорация мүлкін үлестіру кезінде, айналу немесе басқа құнды қағазға айналмауы, опциондар. Артықшылығы бар акциялардың жәй акциядан ерекшелігі, әдетте дауыс беру құқығы берілмейді.

Шығарылған және айналыстағы акциялар. Сатылған не басқа жолмен өткізілген акцияларды шығарылған деп атайды. Мысалы, акционерлік қоғамға шығаруға рұқсат етілгені 500000 акция, бірақ ашылу кезінде тек 300000 акция ғана өткізілді. Бұл 300000 шығарылған акцияларды құрайды. Оларды ұстаушыларға акционерлік қоғам мүлкінің 100% қолына тиесілі. Қалған 200000 акция шығарылмаған болады. Олар ешқандай құқық пен артықшылық бермейді.

Қосымша төленген капитал – қогамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Капитал туралы ақпаратты қорытуға 5030 «Салымдар мен пайлар» шоты қолданылады. Бұл шоттың кредиті бойынша келіп түскен салымдар көзі белгіленеді.

Меншікті акцияларды сатудан түскен сауда түсімі кәсіпорынның кассасына немесе банктегі ағымдағы шотқа түседі. Мұндай жағдайда Дт 1010,1030, Кт 5030 деген жазу беріледі.

Меншікті акцияларды сатқан кезде қойылған шоттарды Дт 1280 Кт 6140 деген жазу беріледі.

Меншікті акцияларды сатқан кезде қойылған шоттарда Дт 1280 Кт 6140 деген жазу беріледі.

Қосымша төленген капитал сомасы кәсіпорынның ағымдағы қажеттіліктеріне жұмсалмайды, оны белгілі тәртіпте жарғылық капиталды көбейтуге, меншікті акцияларды сатумен байланысты шығындарды жабуға пайдаланады.

Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.

Акционерлердің акцияға жазылғпн сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өзгергенде жарғылық қордың өскен сомасына:

Д-т: “Төленбеген капитал” шоты,

К-т: “Жай акциялар” немесе

“Артықшылығы бар акциялар” шоты түрінде бухгалтерлік жазу

жазылды.

Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:

Д-т: “Ақшалар” шоты,

К-т: “Төленбеген капитал” шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

Бұл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сәйкес:


  • “Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар”,

  • “Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар”,

  • “Есеп айырысу шотындағы ақшалар”,

  • “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар”,

  • “Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар”

-деп аталатын шоттарының тиістілері дебиттелінеді.

Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін “материалдық емес активтер”, “негізгі құрал”, “материалдық құндылықтар” тағы да басқа түрде салынатын болса:

Д-т: “Материалдық емес активтер”;

“Негізгі құралдар”;

“Материалдық құндылықтар” және тағы да басқа шоттардың

тиістілері,

К-т: “Төленбеген капитал” деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу

жазылады.

Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:

Д-т: “Материалдық емес активтер”;

“Негізгі құралдар”;

“Материалдық құндылықтар”,

“Ақшалар” және тағы да басқа шоттардың тиістісі.

К-т: “Салымдар мен жарналар” шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға

тиіс

“Қайтарылып алынған капитал” деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алынған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте:



Д-т: “Қайтарылып алынған капитал” шоты,

К-т: “Ақшалар” шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.

Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына:

Д-т: “Қарапайым акциялар” немесе

“Артықшылығы бар акциялар” шоттарының тиістісі,

К-т: “Қайтарылып алынған капитал” шоты түрінде бухгалтерлік жазу

жазылады.

Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда “Қосымша төленген капитал” деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал “Қосымша төленбеген капитал” деп аталатын шоттаақшаның құнсыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның “негізгі құралдарын”, инвестицияларын содай-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомаларын есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:

Д-т: “Ақшалар” шоты,

К-т: “Қосымша төленген капитал” шоты түрінде бухгалтерлік жазу

жазылады.

Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық) бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:

Д-т: “Қайтарылып алынған капитал” шоты,

К-т: “Қосымша төленген капитал” шоты түрінде бухгалтерлік жазу

жазылады.

Кәсіпорынның негізгі құралдары, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:

Д-т: “Негізгі құралдар”;

“Материалды құндылықтар”;

“Инвестициялар” және тағы да басқа шоттардың тиістісі,

К-т: “Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген

капитал”;

“Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген

капитал”;

“Басқа да қосымша төленбеген капитал” шоттарның тиістілері

түріндегі бухгалтарлік жазу жазылады.

Сонымен қатар:

- негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:

Д-т: “Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша

төленбеген капитал” шоты,

К-т: “Негізгі құралдардың тозуы” шоты түрінде;

- негізгі құралдарды пайдаланылуына қарай олардың қосымша бағаланған сомалары және есептен шағарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасына:

Д-т: “Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша

төленбеген капитал” шоты,

К-т: “Есепті жылдың бөлінбеген табысты (жабылмаған зияны)” шоты

түрінде;


  • негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның құнының азаю сомасына:

Д-т: “Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша

төленбеген капитал” шоты,

К-т: “Негізгі құралдар” шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.

“Инвестицияларда қайта бағалағаннан аланған қосымша

төленбеген капитал” шоты бойынша шаруашылық субъектінің

бухгалтерлік есебінде:



  • қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:

Д-т: “Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша

төленбеген капитал” шоты,

К-т: “Қаржылық инвестициялар” шоты түрінде;

- қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:

Д-т: “Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша

төленбеген капитал” шоты,

К-т: “Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)” немесе “Құнды қағаздарды

сатудан алынатын табыс” шоттардың тиістілері түрінде жазулар

жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет