Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімге жіктеу



бет68/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
4. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімге жіктеу.

Қаржылық есептілік элементтері: Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.

Қаржылық есептіліктің элементтері дегеніміз олардың экономикалық сипаттамасына байланысты кластарға бөлінген қаржылық бірліктерді айтамыз. Бұл элементтер кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін бағалау үшін маңызды болып табылады. Жоғарыда аталып өткендей кәсіпорынның мүлкі, оның міндеттемелері мен мүлкінің құралу көзі, шаруашылық операциялар бухгалтерлік есептің обьектілері болып табылады. Кәсіпорындағы маңызды есеп обьектілеріне материалдық емес активтер, негізгі құралдар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру мен өндірістьік шығындар, дайын өнім мен оны өткізу, қаржылық нәтижелер жатады.



Активтер - дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.

 Қысқа мерзімді активтер: ақшалар, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар және дебиторлықборыштар.

Қысқа мерзімді активтер бұл – келесілерге салынған қаржылық ресурстар жиынтығы:


  • тауарлы материалдық қорлар;

  • болашақ кезең шығындары;

  • ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері;

  • қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;

  • қысқа мерзімді дебиторлық борыш.

Осылайша қысқа мерзімді активтер өндірістік және өндірістік емес сферада ұдайы айналымда болады. Өндірістік сферадағы қысқа мерзімді активтерге шикізат қорлары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімдер, сондай ақ есеп айырысу активтері жатады. Олар қысқа мерзімді активтерді сатып алуға аванстар, алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер, және басқа да дебиторлық борыштар жатады.

Ұзақ мерзімді активтердің мәнділігі. Айналымынан тыс активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер және ұзақ мерзімді инвестициялар.

Ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субьектінің өндірістік процессіне бірнеше рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданылуымен ерекшеленеді. Негізгі құралдар –ұзақ уақыт мерзім ішінде еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс сферасында және матералдық емес сферада пайдаланылатын материалдық активтер болып активтер болып табылады. Негізгі құралдарға келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскелері, ғимарат, құрылымдар), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентар, арнайы құралдар және басқа да негізгі құралдар.

Материалдық емес активтер түсінігіне физикалық үлгісі жоқ, ұзақ мерзімді қолдану объектісіне жататын құндық бағасы жоқ бірақ табыс әкелетін қабілеті бар объектілер жатады. Материалдық емес активтер өндірістік – шаруашылық қызметіне, белгілеуіне және қызметіне қарамастан топтарға бөлінеді: фирма құны, тауарлық белгісі, «Ноу-хау», «Авторлық құқық». Мүлік құқығына келесілер жатады: жерді қолдаеу құқығы, қайнаулар, су ресурстары және т.б. Өзге материалдық емес активтерге жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеулік өңдеулер, білікті конструкторлық өңдеулер.

Міндеттеме - бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті.

Баланстың пассив бөлігінде міндеттемелер деп аталынатын тарауымыз екі бөлімнен тұрады



  1. Қысқа мерзімді міндеттемелер

  2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер ..

Қысқа мерзімді міндеттемелер –бұл:

  • ұйымның жай операциялық циклі жүру барысында жабылатын міндеттемелер;

  • сату операциясы үшін ұсынылатын міндеттемер;

  • баланс күшінен кейін 12 ай ішінде орындалуға жататын міндеттемелр;

  • баланс күшінен кейін 12 ай ішінде жабу мерзімін ұзартуға бұлтарыссыз қызығы жоқ ұйым үшін міндеттемелер;

Меншікті капитал – бұл барлықміндеттемелер шегеріліп тастағаннан кейінгі кәсіпорын активтері. Бұл анықтама баланстың теңдеуден келіп шығады.

Актив = Капитал +Міндеттеме , нәтижесінде

Меншікті капитал = Актив - Міндеттеме.

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:



  • жарғылық капитал;

  • резервтік капитал;

  • бөлінбеген пайда;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет