Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Құрылымы және мазмұны. Есептік кезең



бет66/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
2.Құрылымы және мазмұны. Есептік кезең.

Есептік кезең- бұл шаруашылық операцияларын талдаудан бастап, шоттарды жауып, қаржылық есептемелерді құрастырғанға дейін есептік процесс кезектерінің жүйелігі.

Есептік кезең келесі кезектерден құралған:

1.Алғашқы құжаттар негізінде операцияны талдау;

2.Операцияны немесе құбылысты Бас журналда тіркеу;

3.Бас журналдағы жазбаларды Бас кітапқа көшіру;

4.Жасанды балансты алдын ала дайындау;

5.Түзетуші жазбаларды құрау;

6.Түзетілген жасанды балансты дайындау;

7.Түзетілген жасанды баланс негізінде трансформациялық кесте көмегімен қаржылық есептемелерді дайындау;

8.Есепті кезең соңында уақытша шоттарды жабу;

9.Уақыт шоттарды жабудан кейін жасанды балансты дайындау;

10.Трансформациялық кесте негізінде қаржылық есептемелерді дайындау.

Қаржылық есептемелерді дайындау үшін бухгалтер алғашқы құжаттар негізінде ағымдағы есепті кезеңге қатысты мәліметті жинап алуы тиіс. Бұл есептеуді, талдауды, құжаттар жобасын дайындауды жасауды талап етеді. Олардың барлығы жұмыс құжаттары деп аталады.

Егер Бас журналда немесе Бас кітапта қате анықталса, ол түзетілуі тиіс. Қатені түзеу түзетуші жазбалар көмегімен жасалады.

Түзетуші жазбалар- бұл бұрын жасалған қатені түзеу мақсатындағы журналдық жазба. Әдетте бұл үшін қате жазбаны өшіріп, үстінен дұрысын енгізеді (сторно не қызыл сторно әдісі). Әр түзетуге толық түсіндірме берілуі тиіс.

Түземелік (трансформациялық) жүргізіп жазу- бір есепті кезеңнен асатын операцияларға «есептілік әдісін» қолдану мақсатында жасалған жазбалар. Трансформациялық жазбалар әрдайым бағалауды қажет ететініне қарамастан, бұл бағалар тексеруге болатын ақпаратпен негізделуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет