Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Материалдық емес активтермен операциялар есебі



бет45/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

Материалдық емес активтермен операциялар есебі.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтердің есебі ХҚЕС 38-стандартына сәйкес және субъектілердегі қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы екінші «Ұазақ мерзімді активтер» - деп аталатын бөлімнің 2700-бас шотының төмендегі бөлімше шоттарында жүргізіледі.

Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау – тапсыруды құжатпен рәсімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Материалдық емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет