Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі есепке алу моделі



бет42/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

4. Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі есепке алу моделі.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады.

Ішкі құралған материалдық емес актив тану критерийлеріне сәйкес келетінін анықтау

үшін ұйым активті құру процесін:

a) зерттеу сатысына;

және


б)әзірлеу сатысына бөледі.

«Зерттеу» және «әзірлеу» терминдеріне анықтамалар берілген, бірақ осы Стандарттың мақсаттар үшін «зерттеу сатысы» және «әзірлеу сатысы» терминдеріне толығырақ мағына беріледі.

Егер ұйым зерттеу сатысын әзірлеу сатысынан материалдық емес активті құру бойынша ішкі жобаның шеңберінде бөле алмаса, ол мұндай жобаға жұмсалған шығындарды тек зерттеу сатысына байланысты жұмсалған шығындар ретінде есепке алады.
5. Бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі. Қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі. Пайдалы қызмет ету мерзімі. Шектелмеген пайдалы қызмет ету мерзімі бар материалдық емес активтер.

Әрбiр кәсiпорын материалдық емес активтердiң барлық түрлерiнiң пайдалану мерзiмiн,негiзделген есептер бойынша анықтауы тиiс. Оларда тиiмдi пайдалану мерзiмiн қолдану негiздi болуға тиiс:

а) пайдалану мерзiмiн анықтау мүмкiндiгi бар материалдық емес активтер бойынша оларды пайдалану мерзiмi арнайы нұсқаумен анықталып патентте, лицензияда көрсетiледi-1,5,10,15 жыл.

ә) пайдалану мерзiмiн көрсету мүмкiн болмайтын материалдық емес активтер бойынша мұндай мерзiм 38-ші ХҚЕС сәйкес 20 жылдан аспайтын уақыт деп көрсетiледi.

б) қызмет ету мерзiмi жарғысында көрсетiлген кәсiпорындар сатып алған материалдық емес активтер бойынша тиiмдi пайдалану мерзiмi ретiнде “а” және “ә” пунктерiнде көрсетiлген мерзiмдер алынады,бiрақ олар кәсiпорын қызметiнiң мөлшерлi мерзiмiнен аспауға тиiстi.

Материалдық емес активтердiң тозуын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады. Материалдық емес активтердiң пайдалану мерзiмiн дұрыс және дәлелдi есептеуге олардың тозуын өндiрiс пен айналым шығындарына жатқызудың негiздiлiгi, яғни кәсiпорын қызметiнiң нақты қаржылық нәтижелерi тәуелдi. Материалдық емес активтердiң тозуының бiр айдағы және жыл бойындағы көрсеткiшiн анықтау үшiн “Материалдық емес активтердiң тозуыни есептеу тiзiмдемесiн” пайданалады. Тозу есептелiнген соммасына 7110 “Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату шығындары”, 7210 “Әкiмшiлiк шығындар”, 8010 “Негiзгi өндіріс” және басқа шоттар дебеттеледi және 2740 “Материалдық емес активтердiң амортизациясы және құнсыздануы” бөлiмшесiнiң (111-116 шоттар) шоттары кредиттеледi. Материалдық емес активтердiң тозу сомасы тиiстi машинаграммалар мен есеп регистрлерiне тiркеледi. Материалдық емес активтердi мүлiктiк түгелдеу барысында кәсiпорынның меншiктiк құқы бар материалдық емес активтердiң нақты бар-жоғы; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетiлуi, материалдық ұшыраған активтер тексерiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет