Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Қорларды бағалау. Сатып өткізудің мүмкін болатын таза құны



бет21/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

Қорларды бағалау. Сатып өткізудің мүмкін болатын таза құны.

Материалдарды бағалау материалды қорлар есебiнде маңызды роль атқарады.

ХҚЕС сәйкес қорлар екі көрсеткіштің ең төменгісімен өлшенуі тиіс: өзіндік құны және таза өткізу құны бойынша.

Қорлардың өзіндік құны барлық сатып алу, өңдеу және қорларды ағымдағы жағдайға келтіру мақсатында жұмсалған шығындарды қамтиды.

Сатып алу шығындарын сатып алу бағасы, импорттық баждар мен басқа да салықтар және тасымалдау, өңдеу және басқа да қорларды сатып алуға тікелей қатысты шығындар құрайды. Сауда кемітулері, өтемдер және басқа да ұқсас баптар сатып алу шығындарын анықтау барысында шегеріледі.

Материалдардың қозғалысы күнделiктi кiрiс және шығыс құжаттары негiзiнде рәсiмделгендiктен, ағымдық есепте алдын ала бекiтiлген қатаң бағалар, яғни есептiк бағалар қолдану қажеттiлiгi туады. Нақты өзiндiк құнның есептiк өзiндiк құннан ауытқуы (+,-) сомалық түрде есептеледi, содан кейiн оның проценттiк қатынасы шығады. Мұндай ауытқулар әрбiр номенклатуралық номер бойынша емес материалдар тобы бойынша есептеледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет