Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының есебі
Жоспары:
1.Ақша қаражаттарын және олардың баламаларын тану, 7 ҚЕХС.
2.Ақшалай қаражаттарды қолдануға қойылатын шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау жасау.
3.Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру
Мазмұны
1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларын тану, 7 ХҚЕС
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі-кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал -жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Қол ақшаның есебін жүргізу міндеттері «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы» ҚР заңына сәйкес келесідей түрде құрылуы тиіс:
ұйымды, сондай - ақ өзге мүдделі тұлғаларды қолдағы ақшамен оның қозғалысы туралы толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлер мен ұйымдардың ақша, есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасы Заңдарын сақтауын бақылау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Ұйымдардың қол ақша есебі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы ҚР заңының баптарында келтірілген бухгалтерлік есептің барлық принциптерінің, жекелей алғанда, есептеу және үздіксіздік принциптерімен сәйкес жүргізілуі тиіс. Қол ақшамен жасалатын операциялар есебі Үлгі шот жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттарында жүзеге асырылады. «Ақша қаражаттары» бөлімшесінің шоттары активті болып саналады, бұдан көзделетіндей:
- есепті кезең басы мен соңындағы, сондай-ақ қол ақшаның түсуі дебетте көрсетіледі.
Қолданылатын заңдарға сәйкес барлық ұйымдар ақша қаражаттарын, оларға қызмет көрсететін банктегі есеп шотында сақтауға міндетті. Есеп айырысу шотын ашу үшін банкке келесідей құжаттар тапсырылады:
белгіленген үлгідегі шот ашуға өтініш;
қол үлгілері мен мөр бедерлемесі бар екі карточка;
субъектініің салық есебіне қойылғандығын бекітетін салық қызметі органының анықтамасы;
мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлік көшірмесі;
жарғы көшірмесі мен құрылтайшылық шарт көшірмесі (құрылтайшылар бірден артық болған кезде). Барлық көшірмелер нотариатпен расталуы тиіс.
Ағымдағы банктік шотын ашу туралы банк шешім қабылдағаннан кейін, келісім шарт жасалады. Онда банкімен есеп айырысу шотының операцияларын жүргізу және сол қызметі үшін есептелетін төлемдер анықталады. Ашылған есеп айырысу шотына банк арнайы номер тағайындайды. Сол номер есеп айырысу шотының операцияларын рәсімдейтін құжаттардың барлығында көрсетіледі.
Ақшалай қаражат баламалары- экономикалық маңызы бойынша халықаралық тәжірибеде ақшалай қаражатқа теңестірілген, бұл қысқа мерзімді, жоғары ликвидті инвестицияларға:
а)ақшалай қаражатқа лезде айналатын;
ә)қайтарым мерзімі өте қысқа
б)негізгі соманы жоғалту тәуекелі мүлдем жоқ құралдар жатады.
Бухгалтерлік баланста ағымдағы активтер бірінші бөлімде ликвидтілік қасиетінің жоғарлауына қарай орналасады. 7 ХҚЕС «ақшалай қаражаттары қозғалысы туралы есеп» стандартына сәйкес: -Ақшалай қаражаттар бұл ең өтімді актив немесе жалпы бекітілген айырбастау құралы және барлық қалған бапты бағалау мен есептеуге негіз болып табылады.
-Ақшалай қаражат міндеттемелерді лезде төлеу үшін әрдайым ашық, қол жететін болуы қажет.
-Ақшалай қаражатқа банкі шотындағы қалдықтар, нақты купюрлар, монеталар, валюта, кассадағы нақты ақша, айналымдағы несие-қаражаттық құжаттар кіреді. Бұл құжаттарға чек, кассалық ордерлер, ақшалай аударымдар, клиенттердің чектері және басқалай есеп айырысу құралдары кіреді.
Мұндай инвестицияларға (әдетте мерзімі 3 айдан аспайтын), депозиттік сертификаттар, банк акцептеген вексельдер, мемлекеттік құнды қағаздар немесе ұйымның жоғары сапалы құнды қағаздары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |