6.Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарын есепке алу үшін шоттардың бас тізбегіндегі 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары» деген бөлімшесі қарастырылған.
Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді: 1220 «Еншілес серіктестіктердің қарыздары»,
1230 «Тәуелді серіктестіктердің қарыздары», 1220 «Бірлесіп-бақыланатын занды тұлғалардың карыздары».
Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын занды тұлғалардың ағымдағы дебиторлык, қарыздары жинақталып көрсетіледі.
Төменде аталған шоттардың (1210,1220,1230,) шоттардың дебеті мен кредиті бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы келесі бетте келтірілген.
Аталған еншілес кәсіпорындардың дебиторлық қарызы 1220,1230 шоттарында көрсетілсе, ал олардың кредиторлық қарызы 3320-3340 шоттарында көрсетіледі.
Бас және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің арасында жасалған есеп айырысулар 3320-3340 және 1220,1230 шоттары бойынша салыстырылып, тексеру актісінің негізінде дебиторлық және кредиторлық қарыздары жабылуы мүмкін, ол кезде өтелген дебиторлық қарыз сомасына: 3320-3330 шоттары дебеттеліп, 1220-1230 шоттары кредиттеледі.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін, мына төмендегі синтетикалық шоттар пайдаланылады.: 3320 «Еншілес серіктестіктерге қарыз», 3340 «Тәуелді серіктестіктерге қарыз», 3330 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыз» шоттарында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |