2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған.
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдерді әр түрлі себептермен кейін қайтарған жағдайда «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебиттелініп, «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттеледі.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімінің сомасына «сату шегерімі» немесе «баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебиттілініп, «Алынуға тиісті борыштар», «алынған вексельдер», «сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Қайтарылған тауарлар мен өнімдерге (жұмыстар мен қызметтерге) есептелінген қосылған құн салығы сомасы «алынуға тиісті борыштар», «алынған вексельдер», «сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, «қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталады).
Достарыңызбен бөлісу: |