1. Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу. Бастапқы бағалау.
Дебиторлық қарыз дегеніміз (латын тілінен debitium-аударғанда қарыз, міндеттеме, берешек деген мағына береді), берілген компания алдында басқадай тұлғалардың қарыз болуы.
Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектілердің оларға көрсеткен үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады.
Дебиторлық борыш-шот-фактуралармен расталынады. Алынуға тиісті вексельдер ресми қарыздың міндеттемесімен расталады, басқаша айтқанда-саудалық міндеттеме.
Әлемдік есеп тәжірибесінде дебиторлық берешектің саудалық, саудалық емес түрлерін ажыратады.
Саудадағы дебиторлық қарыз – қарапайым шаруашылық қызметте көрсетілген тауарлар мен қызметтер үшін клиенттнр төлейтін соммалар. Бұл қызметтің 2 түрі болады: алуға тиісті шоттар – сатып алынған тауарлар үшін төленетін сомма немесе алуға тиісті вексель және оның төлеуге тиісті құжаттық рәсімдеу.
Басқадай қасиеттердің түрлерінде мысалы кәсіпорынның филиалдары немесе қызметкерлеріне аванс беру, шығын немесе залалдарды жабуға арналған депозиттер, төлем кепілдігі ретіндегі депозиттер, алуға тиісті сыйақылар мен дивиденттер, салықтарды төлеу бойынша өкілетті мекемелерде шағым жасау және т.с.с. қызмет түрлерінде саудалық емес дебиторлық берешек орын алады.
Саудалық дебиторлық борыш баланстық күннен соң, бір жыл мерзім ішінде немесе компанияның операциялық циклы ішінде (қайсысы ұзақ болатынына байланысты) алынуға тиісті соманы құрайды. Әдетте қайтарым мерзімі әлемдік тәжірибеде 5 күннен 90 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Бұл мерзімнен өтіп кеткен (кешіктірілген) алынуға тиісті шоттар мерзімі өткізілген деп есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:
ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлем;
вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық борышы.
Ал бір жылдам астам уақыт алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» -деп аталады.
Дебиторлық борыш: бастапқы бағасы минус (-) күдікті қарызға түземе, ақшалай жеңілдіктер, сатылған тауарды қайтару сомасымен бағаланады. Нәтижесінде алынуға тиісті шоттардың таза құны анықталады. Проценттер сату мен қайтару мерзімінің қысқа болғанына байланысты ескерілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |