6. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері.
Өндiрiстiк-шаруашылық қызметi процесiнде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырайды. Басты мақсат материалдық емес активтердiң моральдық тозуына байланысты шығындарды жабу көздерiн табу ғана емес, өндiрiс немесе айналым шығындарына амортизацияны қосу арқылы олардың құнын өтеу көздерiн жасау болып табылады.
Материалдық емес активтердiң тозуын есепке алуға 2740 ”Материалдық емес активтердiң тозуы” шоты арналған.
Бұл шот пассивтi, реттеушi, контрактивтi. Шоттың кредитi бойынша ай басындағы тозудың қалдығын, ағымдағы айға есептелiнген тозуды және есеп берiлетiн айдың соңындағы тозудың қалдығын көрсетедi, ал дебетi бойынша-материалдық емес активтердiң тозуын есептеп шығару (төмендету) көрсетiледi. Материалдық емес активтердiң тозуы олардың бастапқы құнынан және тиiмдi пайдаланудың болжамды мерзiмiне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелiнiп тұрады.
Мысалы, кәсiпорын ЭЕМ-на бағдарламалық жабдықтауды 120 мың теңгеге сатып алды. Бағдарламалық жабдықтауды пайдалану мерзiмi 5 жыл (60 ай). Тозудың айлық соммасы 2 мың теңге (120 мың /60 айға) немесе 1,667% (2000*100/120000).
Достарыңызбен бөлісу: |