Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы, оның нысаны



бет70/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

6. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы, оның нысаны.

ХҚЕС талаптарына сәйкес негізгі қаржылық есеп үлгісі ретінде капиталдағы өзгерістер туралы есеп құрастырылады. Компания келесілерді қамтитын есепті беруі тиіс:



  • кезеңдегі таза табыс немесе зиян;

  • капиталда танылатын табыстар мен шығындардың әрбір бап;

  • есеп саясатындағы өзгерістердің кумулятивтік эффектісі.

Сонымен қатар компания осы есепте немесе түсіндірме жазбаларда келесі ақпаратты ұсынуы тиіс:

  • компания иелерімен жүргізілген күрделі сипаттағы операциялар;

  • кезең басындағы және кезең аяғындағы жинақталған табыстар мен зияндардың сальдосы және олардың кезең ішіндегі өзгерісі;

  • акционерлік капиталдың, эмиссиялық табыстың және әрбір қордың кезең басындағы және кезең аяғындағы баланстық құнын салыстыру.

Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп ұйымдардың меншікті капиталының жағдайы мен қозғалысын, жарияланған жарғылық капитал, төленбеген және қосымша төленген капитал өзгерісін, сондай-ақ резервтік капитал мен бөлінбеген табыстың (зиян) қалыптасуы жөніндегі қаржылык, қортынды есеп құрамы және оның элементтерін тану көрсеткіштерден тұрады. Капиталдың әр түрінің (жоғарыды аталған) немесе резервтер қозғалысы төмендегі баланстық теңдік принципіне қарай былайша өрнектеледі:

БҚ + К - К = СҚ

Мұндағы:

К - капиталдың көбеюі (есепті жылғы түскен);

К - капиталдың азаюы (есепті жылы жұмсалған);

СҚ - есепті кезеңнің соңына қалған капиталдың әр түрінің, резервтер және қорлардың соңғы қалдығы.

Капитал қаражатының қалдығы бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сай анықталады. Меншікті капиталдың өзгеріске түсуі және бұлардың жекелеген түрлерінің көбеюі мен азаюы жөніндегі мәліметтердің жіктелуі қаржылық қортынды есеп жасау жөніндегі әдіснамалық ұсыныста берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет