Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Әкімшілік құқық бұзушылық



бет22/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік право бұзушылық кодексінің (ӘПБК) 9-бабы бұл құқық бұзушылықтың түсінігін былай деп берген: «Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, социалистік меншікке (қазір социалистік жоқ.), азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық (теріс қылық) деп танылады».
Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және басқалардың) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с.с), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:
а) құқыққа қарсылық - бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.
б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зияңды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, бірақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойлаған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.
Құқық теориясында қасақана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзақылық ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияқтылар - осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана жасалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияқтылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет