Әкімшілік құқықтық қатынастар Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардын бір түрі болып табылады. Оларға қандайда болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі,соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтык норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын(мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау)және с.с. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдык қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда жалпылық пен ерекшеліктің тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құқықтың нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері бар.
Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар т.с.с); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар: I. Басты ерекшелік - тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің басқа тарапқа қатысты әрқашанда заңдық биліктік өкілеттіктері болады. Мұндай тарап, мысалы, басқару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі қоғамдық бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінің биліктік өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін емес.
2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да- басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасыбойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.
Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуі тек қана мүмкіндігі емес, сонымен қатар, көпшілігіне, олардың тікелей міндеті екендігін ескеру керек.
3. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен,яғни өкілетті басқару органынын немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты әкім ету жолымен шешіледі.
4. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігіекінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамның) алдында пайда балады. Әкімшілік-құқықтық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің сот тәртібі қолданылып жүрген заңдарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкімшілік-құқықтық даулар тобының кеңейе түсуі заңды тенденцияға айналып келеді.