Таспен жазылған тарих. Тілдік жүйе және жаңа қолданыстар. Жақша. Нүктелі үтір



Дата05.11.2023
өлшемі20,65 Kb.
#189867
Байланысты:
Таспен жазылған тарих


Таспен жазылған тарих. Тілдік жүйе және жаңа қолданыстар. Жақша. Нүктелі үтір

Тілдік норма – тіл жүйесінің дәстүріне сай тұрақты түрде қалыптасып, қоғамдык қатынастар аркылы орныққан тілдік амал-тәсілдердің жиынтығы, сөз колдану ережелері. Норма – үнемі жетіліп отыратын категория.


Лебізде қолданысқа енген кез келген жаңа қолданыс жаңа сөз ретінде танылады. Жаңа қолданыстардың пайда болуы тіл дамуының эволюциялық дамуының бір көрінісі санатында. Атау процесінде мынадай өзгерістер болуы мүмкін:


* жаңадан танылған зат не құбылысқа атау тағылады;


* жаңадан танылған ұғымға тілде бұрыннан бар таңба жаңа атау ретінде беріледі;
* белгіленетін ұғымның номинативтік белгілеріне сай жаңа таңба жасалады.

Жаңа қолданыстар мазмұндық жағынан, не тұлғалық-мазмұндақ жағынан жаңа саналуы мүмкін.


Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен біріңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады. 1. Үтір (,) Шешендік сөз шешендікке, адамгершілікке тәрбиелейді. 2. Қос нүкте (:) Ел деген мұз сияқты: ақырын ұстасаң, - түсіп кетеді. 3. Жақша () Жақсылық–кісінің табандылығында. 4. Тырнақша (“”) Қазыбек биден бір адам “кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беруін сұрапты. 5. Сызықша (-) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. 6. Нүктелі үтір (;) Ақылды ісіне сенеді; Ақымақ күшіне сенеді;Әңгүдік түсіне сенеді. Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.


Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді. Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады. Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже, қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.


Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік


жауынгерлерінің бейнесі. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған.


Тапсырма: Таңғажайып сәулет өнерінің тағы да басқа түрлерін жазу, сипаттау.




Тағы басқа қай жерде таспен жазылған өңірлер табылған?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет