2.Айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға зиянды зардап жасауын шектеу.
3. Табиғат қорғау заңдарын бұзған жағдайда айналадағы табиғи ортаға, азаматтарға келтірілген зиянды толық өтеу.
4. Табиғи ресурстарды үнемдеу.
5. Айналадағы табиғи ортаны қоғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау,оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау.
Табиғи ресурстар-азық түлік, дәрі дәрмек,киім, құрылыс материалдары, тағы басқа пайдалы заттар алынатын байлық көздері.Табиғи ресурстар:қалыпына келетін, жаңартылатын, сарқылатын қалпына келмейтін жаңартылмайтын, сарқылмайтын болып бөлінеді. Мысалы, топрақтың құнарлығы, орман қалпына келтіргенге, жаңартылғанға, кең қалпына келмейтінге, су сарқылатынға жатады. Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы 500 жуық ядролық қаруды сынау жүргізіліп адамның денсаулығына, айналадағы табиғи ортаға орасан зор зиян келді, халық арасында ауру сырқау өлім көбейді. Шығыс Қазақстан Семей аумағымен Павлодар және Қарағкнды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп жарияланды. Арал проблемасы да планетаның орасан зор экологиялық апатты ретінде сипат алып отыр.
1949-1963 жыл аралығында 25 рет жер ұстінде, 19 рет ауада өткізілді. 1963-1989 жыл ақпанына дейін 343 рет жер асты ядролық сынағы өткізілді. Соның салдарынан атом сынағы болған аймақта адамның қанында қызыл түйіршіктер азайып, олардың бойындағы хромосомдық өзгерістер төрт-бес есеге арттқан. 1969 жылы кейін облыста аққан ауруымен науқастанып қайтыс болғандар саны үщ есеге көбейген. Дүниеге келген нәрестелердің ақыл ойы, дене мүшесі кемтар болып туылуының салдары да осы.Мұндай полигон Батыс Қазақстан облыс орда және Жаңа қала аудандардан 1 млн. 555мың 642 га жерін алған. Онда екі полигон ораналастырып төрт рет ядролық жарылыс жасалған. Атырау облысы Азғыр және Тайсойған өңіріндеде осындай полигондар жұмыс істейді. 1991жылы 29 тамызда Семей ядролық сынқ полигонын жабу туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты.
Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық физикалық, санитарлық-гигиеналық және басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды камтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау - бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады. Біздің мемлекетімізде «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама» заңдары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау - бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Коршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі:
1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағатгандыру мақсатында коршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті камтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі дегеніміз экологиялық құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
а) қорғауға жататын, табиғи объектілерді белгілеу;
б) табиғат объектілерін қорғауды бекітетін, шектейтін, рұқсат беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;
в) олардың сақталуы мен орындалуын бақылау;
г) қоршаған табиғи орта заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойып жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азып-тозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланбаудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс. Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаның объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да ерекше қорғалуға жатады.