Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.Азаматтықтың маңызы, азаматтықтан айырылыу.
2.Әр елдің азаматынан туылған баланың азаматтығын анықтау.
3.Қазақстандағы қос азаматтық мәселесін атаңыз.
1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001
2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004
3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001
4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001
5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004
6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004
7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997
Лекция 3. Қазақстан Республикасының экологиялық құқық негіздері
11.1. Экология құқығының ұғымы
11.2. Жер құқығының түсінігі, пәні жүйесі
Экология құқығының ұғымы
Экология терминін 1966 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол "ойкос" ұй тұратын жер логос ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни, экология дегеніміз жанды организімдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Ал кәзіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақытанысн зерттейтін ғылымға айналған. Табиғатты қорғау, сақтау, оны қалыпына келтіру, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану әрбір азаматтың міндеті. Ал оны жүзеге асыру тәсілі-айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғаумен атқарылады.
Сонымен ҚР экология құқығы деп айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін ғылым саласы.
Экология құқығы әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы және ерекше бөлім.
Жалпы бөлімде мыналар қарастырылады:
а/ экология құқығының түсінігі, тақырыбы.
б/ экология құқығының объектілері, принциптері.
в/экология құқығының тарихы, негіздері.
г/Азаматтың табиғатты пайдалану құқығы.
д/айналадағы табиғы ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау
е/ экология туралы Заңды бузғандығы үшін жауаптылық.
Ал ерекше бөлімде қарастырылады:
а/ жердің құқықтық жағдайы және қорғау.
б/ жер қойнауының құқық жағдайы және оны қорғау.
в/ судың құқықтық жағдайы және оны қорғау.
г/ орманның құқықтық жағдайы және оны қорғау.
д/ атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.
е/ жануарлар дуниесін қорғау, оның өсімін молайту, пайдалану.
ж/ табиғатты халықаралық құқықтық қорғау.
ҚР экология құқығының негіздері бұл айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актінің жиынтығы. Экология құқығының негіздер ішінде ерекше орын алатын Конституция.
1. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |