Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау



бет14/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша заңға сәйкес ҚР азаматтығына қабылдануы мүмкін. ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді ҚР Президенті қабылдайды.
ҚР азаматтығына қабылдауға байланысты келесі шарттар қойылады:
1) ҚР аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не ҚР азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданады.
ҚР азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан не ҚР Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және ҚР алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін ҚР қайтып оралған болса, олардан жоғарыда аталған шарттардың болуы талап етілмейді;
2) ҚР азаматтарының ішінде жақын туыстарының бірі - баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар, ҚР тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, ҚР тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.
Міндетті әскери қызмет атқарып жүрген және ҚР аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтығы мәселелері ҚР мемлекетаралық шарттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам:
1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, ҚР
егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
2) ҚР территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін
құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;
4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса,
ҚР мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса;
6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;
7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет