Сабақтың тақырыбы Жергілікті жердің топырағының құнарлығы, оны сақтау және қалпына келтіру шаралары



Дата19.02.2023
өлшемі17,13 Kb.
#169291
түріСабақ
Байланысты:
№3


Педагогтың аты-жөні

Даулетбай Нурсерік Болатұлы

Күні







Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Жергілікті жердің топырағының құнарлығы, оны сақтау және қалпына келтіру шаралары

Сабақтың мақсаты

Жергілікті жердің топырақ жамылғысы туралы мағлұмат алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасамын.
- Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырамын

Мұғаліммен сәлемдеседі, сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады




Ортасы

Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
Алматы облысы
Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.
«Алматы облысының топырағы» атты презентациямен танысады. Бұл презентацияда туған өлкеміздің де топырақ жамылғысына сипаттама беріледі

Ресурстар түрлерін еске түсіреді. Дәптерге конспект ретінде жазып алады

«Алматы облысының топырағы» атты презентациямен танысады. Бұл презентациядан туған өлкеміздің де топырақ жамылғысы туралы мәліметпен танысады





https://slide-share.ru/almati-oblisininh-topiraghi-301358

Сабақтыңсоңы



Кері байланыс.
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім....
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет