Сыныбы: 10 Күні: 15.04.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Адамның генетикалық денсаулығына қоршаған ортаның әсері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: өз біліміне қорытынды жасау, іздену, талдау, жеке, топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Қоршаған ортаны қорғауға ұйымшылдыққа, белсенділікке,жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Пәнаралық байланысы: Экология,медицина.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,суреттер,сызбанұсалар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу,түгендеу,сыныпты топқа бөлу
/сыныптағы оқушыларды жүрекше,жапырақша, жұлдызшалардың суреті арқылы топқа бөлем/
2.Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл»
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Бекіту тапсырмалары
5..Қорытынды
6.Үйге тапсырма
Үй тапсырмасының сұрақтары:
«Миға шабуыл»
1. Адамның тұқым қуалайтын ауруларын зерттейтін әдістерді ата?
2. Адам генетикасы дегеніміз не?
3. Цитогенетикалық әдістің медициналық маңызы қандай?
4. Егіздік әдістің практикалық маңызы неде?
5. Адам генетикасының қандай ерекшеліктері бар?
6. Генеалогиялық әдіс дегеніміз не?
7. Нәсілдер жөнінде не білеміз?
Жаңа сабақ:
тапсырма
Әр топқа жеке жаңа сабаққа байланысты қажетті материалдар парақшаға жазылып таратылады.Парақшалардағы жаңа мәліметтермен толық танысып оқып шығуы үшін, топтағы оқушыларға белгілі бір уақыт беріледі.Белгіленген уақытта толық танысып оқып, осы тақырып аясында топтарға жаңа тапсырмалар беріледі.
2-тапсырма
«Ротация» әдісі / әр топ геометриялық фигураларды таңдау арқылы ,сол фигураларда жасырылған тапсырмаларды постер арқылы қорғайды./
Ротация әдісінің тапсырмалары:
Туыстық некенің тиімсіздігі.Немере ағасы мен қарындасының үйленуі қауіпті
ма ? Себебін түсіндір
Экологиясы нашар аймақтың адам денсаулығына әсері .
Ихтиоз диагнозымен ауыратын бес жасар Жасулан Қорғанбек, Қызылорда қаласы
Нұржан Өргешбаев диагнозы тері ауруы, Атырау қаласы, Қызылқоға ауданы
3.Адам ағзасындағы әр түрлі аурулардың пайда болу себептері
Достарыңызбен бөлісу: |