Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»



бет30/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырыушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтаныушыға немесе шартта белгіленген сома(сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге түлгаға ( пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандрыру Іпартъг негізінде не өзара сақтандыру қоғамын мүшелік негізінде сақтандырыу жүзеге асырылады (803-бап). Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесі кезінде туындайиын сақтандырылгандармен және пайда алушылармен қатынастары осы кодекспен реттеледі (804-бап). Сақтандыру нысандары:

  1. міндеттілік дәрежесі бойынша-еріктік және міндетті;

  1. сақтандыру объектісі бойынша-жеке және мүліктік;

  2. сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша
    жинақтаушы және жинақтаушы смес болып табылады.

Санаткершілік меншік құқығы
Шығармашылық бостандықтың жоғары қағидасы әрбір азамат үшін ғылыми зерттеулердің, өнертапқыштық және рационализаторлық қызметтің ауқымды дамуымен қамтамасыз етілетін ғылыми-техникалық және көркем шығармашылықтың еркіндігіне шын мәнінде кепілдік берілуімен бейнеледі. Бұл үшін мемлекет қажетті материалдық жағдай жасап, ерікті қоғамдар мен шығармашылық одақтарға қолдау көрсетуі тиіс, халық шаруашылығына және өнердің басқа салаларына өнертапқыштық және рационализаторлық ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады.
Заң - авторлардың құқықтық еркін кеңейтеді, ғылымның, өнер мен әдебиет шығармаларының жетістіктеріне қол сұғылмаушылығына қосымша кепілдік белгілейді, шығармалары республика мүддесіне сәйкес пайдаланылатын авторлар мен ұйымдардың өзара қарым-қатынасындағы қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ететін нормаларды тиянақтайды.
Бідің мемлекетімізде санаткерлік құқығын қорғау мақсатында патенттік заң, тауар белгілері туралы заң, авторлық құқық туралы заңдар және үкіметтің бірнеше қаулылары жұмыс атқаруда. Оның ішінде патент бажының көлемі мен төлем тәртібі және өнертапқыш қызметінің мәртебесі қаралған. Санаткерлік шығармашылығының қорғау мен құқықтық реттеудің айрықша маңызы бар.
Шығармашылық санаткерлік қызметтің нәтижесі адамдардың рухани өмірі болып саналады. Ол қоғамның материалдық аясының өндірістік қызметімен бірге дамиды. Адамдардың шығармашылық өндірісі - қоғамның индустриясына ауыл шаруашылығына, ғылымға және басқа саласына үлкен әсер етеді. Шығармашылық жетістіктерін пайдалан отырып оны мемлекет құқықтық жағынан қорғап, дамытып отыруы қажет.
Шығармашылық қызмет саласын құқықтық реттеу және қорғау мәселелері, барлық мемлекетаралық және өкіметаралық экономикалық келісімдердің құрамдас бөлігі болып табылады. Онсыз біздің елге ешбір мемлекет немесе фирма тәуекелге бел буып, қазіргі заман технологиясын алып кеп келмейді. Санаткершілік меншігі қорғалмаған елде, сырттан бірінші болып ескірген техника мен технологиялар жеткізіледі. Мемлекетке берілетін инвестиция көлемі мен талаптары (шарттары), санаткерлік меншігінің құқықтық қорғану деңгейіне байланысты.
Санаткерлік меншік құқығының объектілеріне:
1.санаткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелері;
2.азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Санаткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелеріне:
1.ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2.орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру.
3.өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
4.селекциялық жетістіктер;
5.интегралдық микросызба топологиялары;
6.ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау);
7.заң актілерінде көзделген реттерде санаткерлік шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына:
1.фирмалық атаулар;
2.тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);
3.тауарлар шығатын жерлердің атаулары (шығатын дерін көрсету).
Селекциялық жетістіктер- өсімдіктердің жаңа түрін, сортын табу, жануарлардың түрін шығаруды айтамыз. Интегралдық микросызба топологиясы - автордың шығармашылық қызметінің нәтижесіндегі еңбек, интегралды-микросызба элементтерінің жүйесі мен байланысын геометриялық-кеңістік орнығуының материалдық жазбаларда бейнеленуін айтамыз. Ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары - өндірістік ұйымдастырудың принциптері туралы ақпарат есеп жүйесінің құпиялығы, техникалық ұйымдастыру немесе коммерциялық ақпарат, соның ішінде өндіріс құпиялары (үшінші тұлғалары белгісіз).
Дүние жүзінде Санаткерлік меншігінің Халықаралық альянсы (СМХА) Санаткерлік меншігінің дүниежүзілік ұйымы (СМДҰ) сияқты беделді, халықаралық ұйымдар бар. Біздің елімізде, санаткерлік меншік құқығы саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар бар. Әділет мин-ң авторлық құқық туралы комитеті, патенттік және тауарлық белгілер жөніндегі мемлекеттік мекеме (Қазпатент).
Санаткерлік меншік құқығының немесе дараландыру құралдары деп иегердің мүліктік құқығын, санаткерлік меншік объектісін пайдалану, иелік ету және билік ету әрекетін айтамыз. Егер бұл әрекеттер заң актілеріне қарама-қайшы келмесе (ст.964 ч.1 АК КР) Санаткерлік меншік объектісінің иегерінің айрықша құқығы болып, мүлікке құқық қабілетін айтамыз. Аталған объектіні өз еркіне қарай пайдалану. Иегер мүлікті заң бойынша пайдалануға, иеленуге оған билік жасауға құқы бар. Осы құқық қабілеттілік санаткерлік меншікке қатысы бар. Егер затты иесі пайдаланса, санаткерлік меншікті көптеген тұлғалар пайдаланады. Енді затты иесі иемдену құқы болса, санаткерлік мешік объектісін иелену мүмкін емес. Затқа иесі қожалық жасаса (иесі атынан жіберсе), ол оған немесе зат алады, санаткерлік меншік объектісін айыру барысында меншік иесі өз құқығына сай осы әрекеттерді қайта жасауға мүмкіндігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет