Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Шарттардың жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы



бет27/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Шарттардың жекелеген түрлерінің қысқаша сипаттамасы
Екі немесе одан көп тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі щарт болып танылады. Шарттық қарым-қатынастарды қоғамдық қатынастардан айырып қарауға болмайды, өйткені олар соңғы аталған қатынастардың бір тармағы. Олардың табиғаты мен мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайына байланысты. Сондықтан да болар нарықтық экономика жүйесінде шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттың қолдануы.
Сатып алу, сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді. Сатып алушы бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша самасын төлеуге міндеттенеді.
Сатып алу, сату шарты - екі жақты, консенсуалды, ақылы шарттарға жатады.
Шарттың мазмұны 3 элементтен тұрады:

  1. объект

  2. субъект

  3. тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Объектісі - азамадардық күнделікті тұрмыстық қажетіне керекті материалдық дүние заттары.
Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу, сатуға, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе сатып алу шартының ережелері қолданылады.
Азаматтық айналымда шектелген мүліктерді (тауарларды) сатып алу, сату тәртібі заң актілерінде белгіленеді. Оларға: ұлы заттар, қару-жарақтар, радиактивті заттар жатады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың меншілігіндегі мүліктердің саны және мөлшері шектелмейді.
Сатып алу, сату шартының объектісіне тән қасиеті:

  • шарт объектісі тауар түрінде болуы керек;

  • мүлік бір адамнан, екінші адамға еркіп өтуі керек.

Сатып алу, сату шартының субъектілері:

  1. Сатушы

  2. Стып алушы.

Сатып алу, сату шартының нысаны, ауызша жазбаша, жай жазбаша, нотариалды, конклюдентті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет