Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»



бет36/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)

Әдебиеттер

  1. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 45 б.

  2. Кудайбергенов Б.К. Социально-философские поиски духовности: традиции и современность. – М.: МБАП – Мир Книги, 1995. – 110 с.

  3. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет: теориялық мәселері, тарихи тағылымы: Заң ғылымы докт. дис. Автореферат. – Алматы, 1997. – 42 б.

  4. Рувинский Л.И., Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек? – Алматы: Мектеп, 1989. – 150 б.

  5. Долгова А.И. Правовое воспитание молодежи. –М.: Знание, 1979. – 147 с.

Лекция 10. Кәсіпкерлік түрлері оны меншік нысаны ретінде дамыту

10.1 Кәсіпкерлік жалпы түсінігі


10.2 Кәсікерліктің пайда болуы мен дамуы
10.3 Кәсіпкерлік түрлері мен экономикадағы маңызы
10.4 Кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау


Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi. Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы коптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рыноты экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын кездейді. Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.ҚР Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiпкерлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан. Кәсіпкерліктің даму тарихына тоқталатын болсақ, алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар — тауар) формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді. Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты — жаулап алу нәтижесінде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар. Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі — сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болган. Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу нарықтарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына — Ост-Индиямен, Гудзон шыганағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын тапты. Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы. Қазақстандағы кәсіпкерлік пен коммерцияқ жағдайына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған. ХІІІ ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен. XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарында — мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған. XIX ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами бастады. Сонымеи қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып, балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және шетелдік капиталдың келуі де үлкен пайдасын тигізді. Өте кең дамығаны — банк капиталы болды. Сауданың стационарлық жене жәрмеңкелік түрлері етежақсы дамыды. Жөрмеңкелік сауда бүкіл ресейлік сипат ала бастады. Осы кезеңце шет ел капиталының әсері өте маңызды болды. Ақпан жөне Кдзан төңкерістерінің өсері рыноктық экономикалық байланыстардың өлсіреп жойылуына әкеліп соқгы. Кәсіпкерлік қызмет ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кезіне біршама дамьщы. Алайда рыноктық кдтынастардың қысқартылуы кәсіпкерлік қызмеггің етімділігіне де кері әсер етті. Жоспарлы экономикада да коммерция өте кең тараған құбылыс.деген пікір бар. Оның өзіне тән ерекше формалары Қазақстанда «кәсіпкерлік» занды негізде тек 90-шы жылдары ғана енгізілген. Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы субъектілер саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын және 2002 жылдың басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Яғни 1 млн астам адам жұмыспен қамтылған. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 1,6 млн адам немесе экономикалық белсенді халықтың 21% жұмыс істейді. Қазіргі қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың 40%-дан астамы 1992-1993 жылдары, шағын көсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер көрсетілген кезде құрылған. Қазіргі кезеңде Қазақстанда экономикасына шағын бизнестің қосар үлесі айтарлықтай. Бірақ кәсіпкерліктің одан ары дамуына кедергілер туындататын жагдайлар да бар. Кәсіпкерліктің мәні мен рөліне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика — еркін кәсіпкерлік экономика. Білікті кәсіпкер болу үшін осы жұмыстың негізін, атап айтқанда оның пайда болу тарихын, қалыптасуын, мәні мен мазмұнын, таным түсініктерін және т.б. жете меңгерген дұрыс. Кәсіпкерлік үғымына анықтама беруші келесі ағым — кәсіпкерлікке тои тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапксршілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер — іскерлік қызметке жауаи беруші, косіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, үйымдастырып жәнс оған иелік етуші түлға деген. Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау. Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi — әртүрлi ассосациялар: акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi. Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi — өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс. Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi – шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу болып табылады. Кәсіпкерлік түрлері мен экономикадағы маңызы. Кез келген кәсіпкерлік іс-әрекеті белгілі бір кәсіпорындардың ұйымдық форма шекарасында жүзеге асады. Форманы таңдау кәсіпкерлердің жеке қызығушылықтар мен мамандығына байланысты болады, бірақ көбінесе объективті жағдайлармен анықталады:

  • іс-әрекет саласы;

  • қаражаттың көлемімен;

  • белгілі бір кәсіпорын артықшылығы;

  • нарық жағдайымен.

Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы, кәсіпкерлік атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерциялық, кеңес беру, қаржылық және т.б. болып бөлінеді. Бұлар бірігіп немесе өз алдына әрекет етуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзіне тән даму ерекшеліктері бар. Өндiрiстiк кәсiпкерлiк – кәсіпкерліктің жетекші түрі ретінде тауарлар мен өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын, қызметтер көрсетіліп, белгілі-бір құндылықтар жасалатн кәсіпкерлік түрі. Оған негiзiнен материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi.Өндiрiстiк бизнес — бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес — бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi шығару. Өндiрiстiк бизнесмен — бұл кейiннен сатып алушыларға, тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер. Коммерциялық кәсiпкерлiк — нарыққа өту кезеңімен, тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату және сатып алу операцияларымен сипатталатын кәсіпкерлік түрі, пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант — сауда, тауар айырбастау, тауар — ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. Коммерциялық кәсіпкерліктің обьектісі капитал болғанда қржылық кәсіпкерлік қызметі туындайды. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше түрі. Ол саудалық бизнеске әлдеқайда жақын тұрған iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi. Кеңес беруші кәсіпкерлік түрін жүргізу формалары сан алуан. Олардың ішінде кең тарағаны – бір мәрте ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні – консалтингтік жобалар. Бұл кәсіпкерлік түрі басқа кәсіпкерлік түрлеріне қарағанда өте табысты болып табылады. Кәсіпорын формасы – кәсіпорын бойынша серіктестер арасындағы ішкі қарым-қатынасты және сол кәсіпорынның басқа кәсіпорындарымен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынастыанықтайтын нормалар жүйесі болып табылады. Кәсіпкерліктің келесі түрлері бар:

  • жеке;

  • ұжымдық;

  • корпоративті.

Кәсіпкерліктің жеке формасы жеке ынталандырылған кәсіпкерлік түрі болып табылады. Жалпы алғанда жеке кәсіпкерліктің өндірістік секторда алатын үлесі шамалы болады.Кәсіпкерліктің ұжымдық формасы ХХ ғасырдың аяғында шағын және ірі бизнеске басымдылық танытты. Мемлекеттік заңдар айырмашылығына қарамастан, дүниежүзінде келесідей ұжымдық формалар белгілі болды:

  • шаруашылық серіктестік;

  • шаруашылық қоғам;

  • акционерлік қоғам;

  • қауымдастық, одақ. /5/

Шаруашылықтың сетіктестіктердің төрт түрі бар: толық, коммандиттік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысу-шылары (жеке түлғалар) серіктестіктің міндеттемелері бойынша (серіктестік үшін қүқықтық салдарды тудыратын эрекеттерді жасай отырып істерді жүргізеді) өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Сондықтан азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады және ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленген. Толық серіктестіктің өзгелерден айырмашылығы серіктердің толық жеке жауапкершілігімен байланысты. Сенім (коммандиттік) серіктестігі серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімем (толық серіктерімен) косымша жауап беретін бір немесе одан да коп қагы-сушылармен қатар, серіктестіктін (салымшылардын) мүлкіне өздері салған салымдардың жнынтығымен шекпелетін бір немесе одан көп катысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып танылады.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік — бір немесе бірнеше адам құрған, жарғьшық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымда-рының құны шегінде тәуекел етеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік — қатысушылары оның міндеттемелері, жарғылық капиталына қосқан салымдары, ал олардың кемшілігі бар жерде — ездеріне қосымша тиісті мүліктері көлемінде, өздерінің салған еселі салымдары бойынша жауап береді. ҚЖС ерекшелігі — мүлкі жетіспей қалған немесе банкротқа ушыраган жағдайда қатысушылардың бірінің жауапкершілігін өзге қатысушылардың арасында үлестірін беру болып табылады. Өндірістік кооперативтер – ортақ өндірістік немесе басқа да шаруашылықтық іс-әрекет үшін мүшелік негізде құрылатын тұлғалардың бірігуі. Акционерлік қоғам – қаражатты капиталға біріктіру, акцияны шығару арқылы пайда болатын кәсіпорын формасы, яғни өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Концерн — тығыз өндірістік әріптестік құру мақсатында персоналдық немес басқа да шарттырдың болуымен сипатталатын жүйе арқылы бірнеше кәсіпорынды біріктіретін дербес кәсіпорын. Демек, концернді интеграцияланған құрылым, шектелген дербестігі бар кәсіпорындар бірлестігі, ірі өндірістік корпорациялар және қаржы-несиелік менеджменттің барлық компоненттерін қолдануға негізделеген. Концернді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету құрылым қағидасынан шығады: аналық компания – еншілес (тәуелді) фималар – аналық компаниядан ресми тәуелсіз және концерн қатысушыларымен келісім-шарттық міндеттемелері бар компаниялар. Сондай-ақ концерн ретінде бірлескен ұйымдар тобы, яғни кәсіпкерлік келісім-шартқа қатысушы жақтар бола алады. Холдингдік компания – басқа компаниялардың акцияларының бақылау пакетін иемденетін және оларға қатысты бақылау функциясын жүзеге асыратын акционерлік қоғам немесе ЖШС формасында құрылған заңды тұлға. Холдингтің концерннен айырмашылығы – бірлестікке қажетті келісім шарттардың болмауы. Холдингтің мынадай түрлері бар: таза, аралас, субхолдинг, пирамидалық және қаржылық холдинг. Картель – коммерциялық іс-әрекетті көздейтін, яғни орнатылған квоталар, тауарлардың құны, өткізу шарттардың көмегімен өткізуді бақылау мақсатымен бір саладағы кәсіпорынның бірігуі немесе біртекті өнімді өндіретін тәуелсіз кәсіпорындардың белгілі-бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырылған бірлестік. Синдикат – оның мүшелерінің өнімін бір өткізу органы арқылы өткізуді көздейтін, акционерлік қоғам немесе ЖШС формасында құрылатын картельдік келісімнің бір түрі. Оған қатысушылар өзінің құқықтық және коммерциялық еркіндігін, кей жағдайда, синдикаттың немесе акционерлік қоғамның өткізу катонрасымен тығыз байланысты өзінің жеке өткізу желісін де сақтап қалады. Концорциум – белгілі-бір уақыт аралығына арнайы белгіленген мәселелерді шешу үшін құрылатын кәсіпорындық уақыттық бірлестік.олар кез-келген бағыныштылық және кез-келген меншік формасындағы кәсіпорныдарды біріктіреді. Ассоциация – ғылыми, жобалық, конструкторлық, құрылыстық және т.с.с. әдетте шектелген, кейде тек номиналды ғана міндеттемесі бар, өнеркәсіптік кәсіпорынның ерікті түріндегі бірлестігі(одағы).Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк болып бөлiнедi. Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішінде активтерінің жалпы құны 60000 еселік айлық көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 325000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi. Нарықтық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызына келетін болсақ, кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:

  • Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;

  • Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;

  • Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;

Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:

  • Рыноктық қатынастарды дамыту;

  • Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;

  • Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

  • Жаңа жұмыс орындарын ашу;

  • Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;

  • Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;

  • Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;

  • Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;

  • Кластерлiк жүйенiң дамуы;

  • Лизингтiк қатынастардың дамуы;

  • Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;

  • Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды.

Соңғы он төрт-он бес жыл бойы республиканың әлеуметтік-экономилық саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылатыны — кәсіпкерліктің ел экономикасының маңызды элементі екенін дәлелдейді. Нарықтық шаруашылықтың қазіргі заманғы жүйесі ірі, орта және шағын кәсіпкерліктің тиімді үйлесімді болуын талап етеді. Бұл – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамыған елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі – кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілікпен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми-техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды орынды пайдалану, ақша қаражаттарының аз жұмсалуымен және т.б. байланысты. Кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау. Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр. Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге болады:

  • Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;

  • Инновациялық қолдау және ынталандыру;

  • Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;

  • Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;

  • Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;

  • Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-шаралары жатады.

Осы жоғарыда айтылған кәсiпкерлiк қызметтi қолдау мен ерттеу шараларының iшiндегi қалған бағыттарға да әсер ететiн негiзгi реттеу мен қолдауды, кәсiпкерлiктiң дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мемлекеттiк iс-шаралар жиынтығы болып табылады. Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттiк бюджетiнен, мемлекеттiк заемдардың, мемлекеттiк ақшалай гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

  2. Горфинкель В.Я., Курс предпринимательства:Учебник для вузов.- М., ФИНАНСЫ, 2003. — 5-11 стр.

  3. Нысанбаев С.Н., Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. – Алматы: Қазақ Университеті, – 1-3 б.

  4. Волков О.И., Экономика предприятия. – М., ИНФРА-М, 2004. – 42-71 стр.

  5. Бизнесті қалай ұйымдастыруға болады: оқу-әдістемелік құрал. – Астана, 2005 жыл.

  6. Сафронов Н.А., Экономика предприятия. – М., ЮРИСТЪ, 2005. – 46-67 стр.

  7. Окаев К.О., Предпринимательство в Республике Казахстан. – Алматы, ЭКОНОМИКА, 2006. – 15-33 стр.

  8. frmp.kz

  9. mit.kz





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет